Қазақстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің бірлескен әскери жаттығуы өтті
Иллюстративное фото
Ташкент әскери округы полигонында Өзбекстан мен Қазақстан қарулы күштерінің арнайы бағыттағы бөліктерінің бірлескен «Қалқан-2023» жаттығуы аяқталды. Бұл туралы «Газета.uz» басылымы Өзбекстанның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Әскери жаттығуға екі елдің қорғаныс министрі де қатысып, бақылаған. Онда жауынгерлер шекара қызметінің ықшам тобының күштерімен бірлесіп шартты дұшпанды жою әрекетін көрсетті. Бұл мақсатта дронды қолдану арқылы, «дұшпанның» ықтимал жасырынған жері анықталды.
Бұдан соң «дұшпан» жасырынған жерге соққы жасалды.
«Бірлескен жаттығу барысында жауынгерлер жоғары деңгейдегі дайындығын, ынтымағын және қойылған тапсырманы нақты атқара алатынын көрсетті», — деп жазылған Өзбекстанның қорғаныс министрінің мәлімдемесінде.
newstaraz.kz