Қазақстан сыртқы істер министрлігі Самарқанда туристердің жәбірленуіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Өзбекстанда қазақстандық туристердің жәбірленуіне қатысты мәлімдеме жасады.
«Қазақстан сыртқы істер министрлігі не жағдай болғанын түсіну үшін хат жолдады. Біз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз», – деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, министрлік Самарқанд ішкі істер органдары қызметкерлерінің Қазақстан азаматтарына электр шокерін қолданғаны бейнеленген видеоны зерттеді.
«Өзбекстан қоғамы құқық қорғау органдарының бұл әрекетін сынап жатыр. Қалай дегенмен, біз жағдайды бақылап отырмыз», — деп мәлімдеді СІМ өкілі.
Еске салайық, 21 мамырға қараған түні Самарқанда күзет қызметінің өкілдері көрші елден келген туристердің кім екенін анықтау кезінде электр шокерін қолданған.
Өзбекстан ішкі істер министрлігі заң бұзған қызметкерлер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
newstaraz.kz