Қазақстанда бір күнде 163 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
25 желтоқсанда Қазақстанда 163 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік мәліметінше, 26 желтоқсанда елде 2663 адам коронавирустан емделіп жатыр. 350 науқас ауруханада, 2313 науқас үйде ем қабылдап жүр. 11 науқастың жағдайы ауыр, алты науқастың жағдайы өте ауыр, екі науқас жасанды жолмен тыныстау аппаратына қосылған.
Денсаулық сақтау министрлігі «елде коронавирусқа қатысты ахуал тұрақты» деп мәлімдеді. Дегенмен өткен аптада аурудың таралу көрсеткіші 3 пайызға артқан.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаяттың мәлімдеуінше, Қазақстанда коронавирустың «Омикрон» және «Цербер» штаммдары таралған.
newstaraz.kz