Қазақстанда эко белсенділер АЭС салуға қарсы
Қазақстанның экологиялық қауымдастығы үкіметтен Алматы облысында салу жоспарланып жатқан АЭС жобасына мораторий енгізуді талап етіп жатыр.
Елдің барлық аймақтарындағы 40-тан астам үкіметтік емес ұйымның басын біріктірген «Қазақстандағы эко форумы» ассоциациясы АЭС құрылысының жобасын «шағын шеңберде» талқылауды тоқтатуды талап етті.
«АЭС құрылысы бойынша жоспарлар мен шешімдер кеңінен қоғам талқысына салынуы тиіс. Қазақстан тәжірибе алаңы болмауы керек», — деп жазылған үндеуде.
«Эко форум» төрайымы Светлана Могилюк ақпан айының аяғында АЭС құрылатын аймақта тұрғындармен бірге қоғамдық талқылау өтуі керек болғанын, бірақ белгісіз себептермен кейінге қалғанын айтты.
«Қазақстан эко форумы» 18 ақпанда жариялаған онлайн-петицияда екі талап жазылған. Бүгінгі күнге дейін петицияны қолдап 2,5 мың адам дауыс берсе, 600-ы мораторий енгізуге қарсы болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Қазақстан АЭС салынатын жер таңдағанын, құрылыс істері 2023 жылы салынатынын айтқан.
Кейін АЭС-ті халықаралық консорциум салуы мүмкін екенін айтқан. Консорциумға China National Nuclear Corporation қытай компаниясы, KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) корей компаниясы, EDF (Еlectricitе de France) және «Росатом» компаниялары енген.
newstaraz.kz