ҚР Ішкі істер Министрі М.Ахметжановтың бұйрығымен Шымкент ҚПД Қаратау ауданы Полиция басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Данияр Жорабайұлы Плалов тағайындалды.
1983 жылы туылған Данияр Жорабайұлы Ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Тергеу саласында еселі еңбек етіп, бірқатар басшылық қызметтерден көрінген. Соңғы лауазымы — Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқарма бастығының орынбасары.
Полиция подполковнигі Данияр Жорабайұлына қызметіне сәттілік тілейміз!
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz