Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктерінің кептелісі көбейді
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы «Кең-Булуң автожол» өткізу бекетінде жүк көліктерінің кептелісі көбейді. Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі 50-ге жақын көлік тұрғанын хабарлады.
Жүк көліктерінің тоқтап тұруының басты себебі, туристік маусымға байланысты жолаушылардың және маусымдық азық-түлік тасушылардың көбеюі дейді аталған мекеме таратқан мәліметте.
Шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы өзге өткізу бекеттерінде кезек жоқтығын, жағдай тұрақты екенін жеткізді.
Қырғыз-қазақ шекарасында «Ақ жол», «Кең-Булуң» және «Токмок» өткізу бекеттері бар.
Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін де бірнеше рет тіркеліп, тек үкіметаралық келіссөздерден кейін азайған.
newstaraz.kz