Новости на Newstaraz.

Үкімет «Арселор Миттал Теміртау» шахтасындағы жұмысты тоқтатуды талап етті

newstaraz.kz

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Қарағанды облысындағы департаменті Күзембаев атындағы шахтадағы жұмысты тоқтатуды талап етті.

Күзембаев шахтасы — Қарағандыда миллиардер Митталға тиесілі сегіз шахтаның бірі. Бұның алдында «Абай» шахтасындағы апаттан кеншілер қаза тапқан.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Саран қаласында орналасқан шахтадағы жұмысты тоқтату жөніндегі шағымды бейсенбі күні Қарағандыдағы ауданаралық экономикалық сот қарай бастады. Арызданушы шахтада анықталған олқылықтар жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.

— Жұмысты неге тоқтату керек деп сұраймыз? Шахта апатты жағдайда, өндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес, — деді ТЖМ департаментінің өкілі.

Олқылықтар тексеру кезінде анықталған, шахта басшылығына уақыт берілгеніне қарамастан, оларды осы күнге дейін ешкім жөндемеген. Күзембаев шахтасындағы жұмысты тоқтату жөніндегі құжат қазанның соңында тапсырылған, ал 7 қарашада оның қасындағы «Абай» шахтасында апат болып, алты кенші қаза тапты. Мұнда да апатқа дейін олқылықтар бары анықталған.

Компания соттан толық тексеруге уақыт беруін, соттың келесі отырысын бірнеше күннен кейін өткізуін сұрады. Сот отырысты 14 желтоқсанға белгіледі.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »