Новости на Newstaraz.

Ұлының өліміне кінәлілерді жазалауды талап еткен ананың аштық жариялағанына 16 күн болды

newstaraz.kz

Петропавл тұрғыны Ирина Рейбанттың аштық жариялағанына 10 тамызда екі жұмадан асты. 16 күн бойы нәр татпаған кейуананың мұндай қадамға баруына 5 жыл бұрын ұлынан айрылғаны және тергеу амалдарының тоқтап қалғаны себеп болған.

— Тергеу амалдары қайта басталмайынша аштықты жалғастыра беремін. Өз сөзімнен қайтпаймын. Ұлымның өліміне кінәлі адамдар өз жазасын алуы керек, — дейді Ирина Рейбант Азаттық тілшісіне.

Ол ұлының өліміне полиция қызметкерлерін кінәлайды. Ирина Рейбанттың сөзіне қарағанда, 2017 жылы наурыз айында ұлы Ресейге қайтар алдында «сапарын атап өту үшін» досымен бірге қоғамдық орында ішімдік ішкен. Мұны полицейлер көріп қалып, әуелі бөлімшеге, кейіннен Бейімдеу және детоксикация орталығына апарған.

Ирина мен күйеуі Иван Рейбант оқиғаны естіп, орталыққа барған кезде аулада ұлы Анатолийді бес полицейдің ұрып жатқанын көрген. Адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросына берген сұхбатында Ирина Рейбант ол сәтті былайша сипаттаған.

«Олар оны шашынан ұстап, басынан ұрып соқты. Аяқ киімді аузына тықты. Ұлым тұрмақ болды, оның қолы қайырылған кісендеулі болды, олар оны бас көтертпей ұрып соқты» деді Ирина Рейбант.

Анатолий Рейбантты ауруханаға жеткізген кезде дәрігерлер оның миының шайқалғанын, мұрнының және бас сүйегінің сынғанын анықтаған.

Осы оқиғадан оқиғадан кейін бірнеше айдан соң 4 шілдеде Анатолий өз үйінде, еденде отырған күйінде қайтыс болған. Сарапшылар Анатолий Рейбант «тыныс жолдары жабылып, тұншығып қайтыс болған» деген қорытындыға келген. Ал анасы бұл сараптамаға сенбей, қайтыс болған ұлының сүйектерін алып қалған. Оның пікірінше, ұлының мерт болуына полицияның қатты ұрып-соғуы ықпал еткен.

Ирина Рейбант 26 шілдеден бастап аштық жариялаған. Енді ол күніне 1 литрға жетпес мөлшерде су ғана ішеді. 16 күн ішінде оның денсаулығы нашарлаған.

Ол тергеу амалдары қайта жалғасып, әділ шешім шыққанға дейін аштықты тоқтатпайтынын айтады.

Аштық жариялаған күннен бастап (26 шілде – 10 тамыз) прокуратура, полиция, әкімдік өкілдерінен ешкім келмеген. Қайтыс болған Анатолий Рейбанттың артында жары және екі баласы қалған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »