Новости на Newstaraz.

Ұлытау облысында дәрігерлер әлеуметтік жағдайларына наразы

newstaraz.kz

Жезқазған қаласының көп салалы ауруханасының қызметкерлері жалақы және өзге әлеуметтік төлемдердің уақытында берілмей отырғандығына наразы. Медицина қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, олар 10 тамызда мекеме басшылығына арыз жазып тапсырған. Әзірге жауап болмаған.

– Жалақыны бөліп-бөліп береді, кешіктіреді. Бірде 70 мың теңге берсе, бірде 90 мың теңге. 24 сағат істейміз. Келесі күні сәл демалып қайтадан жұмысқа шығамыз. 310 сағатқа 120 мың теңге төлейді. 310 сағат болу үшін неше түн, неше күн істеуің керек. Өзіңіз есептей беріңіз. Күндізгі сағатымыз 9 сағатпен белгіленеді, Түнгі сағатымыз 15 сағатпен белгіленеді. Кейде «адам жоқ, адам аз» деп бізді 24 сағатқа дейін істетіп қояды, – дейді аты-жөнін атағысы келмеген медбикелердің бірі Азаттыққа.

Жұмысшылардың сөзіне қарағанда, 10 тамызда оларға 40 мың теңге жалақы түскен. «Қалғаны қашан берілетінін білмей отырмыз» дейді қызметкерлер.

Аурухана қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы жарнасы да уақытында түспей отырғанын айтты.

«Мен мысалы мамыр айында демалысқа шықтым. «Отпускной» тек жұмысқа бір апта қалған кезде ғана түсті. Жолдасым корпорацияда істегеннен кейін ғана аса қатты қиналмай отырмыз. Негізі өзіміздің маңдай терімізбен істеген еңбекақымызды ала алмай отырмыз. Мен неге оны сұрай алмаймын?» дейді аурухана қызметкерлерінің бірі.

«Менің медицина саласында жүргеніме 11 жыл болды. Жағдай ушығып кеткені соншалықты менің бұл салада істегім келмейді» деді ол.

Оның айтуынша,мекеме басшылығы ауруханаға адам аз келгендіктен табыс аз түсетінін, кеткен шығынды ақталмайтынын алға тартқан.

Медицина қызметкерлердің барлығы-дерлік аты-жөндерін Азаттыққа айтқанмен жаңалықта көрсетпеуді өтінді. «Басшылық қысым жасайды, жұмыстан қуады, жиналысқа салады» дейді олар.

Азаттық тілшісі 11 тамызда Жезқазған көпсалалы ауруханасының бірнеше телефонына хабарласып көрген еді. Алайда телефон тұтқасын ешкім көтермеді. Мекеме бастығы Мұратбек Малдыбекұлы да ұялы телефонына жауап бермеді.

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған көпсалалы ауруханасының ресми сайтындағы мәлімет бойынша, мекемеде 500-ден астам адам жұмыс істейді. Аурухана Жезқазған, Сәтпаев қалалары, Жәйрем мен Қаражал ауылдары тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »