Новости на Newstaraz.

ӘКІМДІК ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН БЕРІП, ҚАЙТАРЫП АЛҒАН

newstaraz.kz

Әкімдік бізді мазақ етіп жүр ме? Алматы облысында қысқа бір ай қалғанда елуге тарта отбасы тарта отбасы далада қалуы мүмкін. 2016 жылы Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарған Нұрсұлтан Жұмаділдің рұқсатымен жер сатып алып, үй тұрғызған жандар енді жергілікті билікті жерден алып жерге салып отыр. Өйткені әкімдік берген учаскіні бірнеше жыл өткен соң прокуратура заңсыз деп танып, тұрғындардан оны кері қайтаруды талап етіп жатыр екен. Миллиондарын жұмсап, баспана салған отбасылар енді қайда барады? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Кімнен сатып алдыңыз? Әкімшілшіктен!. Қай әкімшіліктен? Қарасай» Құрманғазы Рамбергенов 2016 жылы Қарасай ауданының әкіамдігінен 800 мың теңгеге жер телімін сатып алып, үй тұрғызған. Жарығы, суы, жолы жоқ болса да өзі үйім дейді. Алайда жер телімін жаңсыз деп тану туралы сотқа шақырту алғанда төбесінен жай түскендей болған. Қазір жерінен айрылғысы жоқ ҚҰРМАНҒАЗЫ РАМБЕРГЕНОВ, ЖАҢА ШАМАЛҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Мен заңды бұзған жоқпын деп ойлаймын. Неге десеңіз: мен тартып алған жоқпын, сатып алдым. Сонша ақшаға үй соғып тастадық. Енді мен мына жерді берем деп айта алмаймын. Он миллион, он бес миллиондай кетіп қалды». Өткен жылы тексеру жүргізген Қарасай аудандық прокуратурасы аудандағы ауыл шаруашылыған тиесілі төрт жарым гектар жердің жекеменшікке берілгенін анықтап, жер беру туралы қаулылардың күшін жоюды талап еткен. Осыдан кейін Жерді пайдалануды бақылау басқармасы 50 шақты жер телімін алған азаматты сотқа беріпті. Өйткені, жер телімін беруге мараторий жарияланған кезде берілген екен. АСЫЛХАН БАЙШОРАНОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАЛУЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Қарасай аудандық прокуратуірасы мен талдау жұмыстары жүргізіліп, аудан әкіміне заң бұзушылықты жою турпалы ұсыным енгізеді. Осы ұсыныс негізінде талап-арыз туындап беріліп отыр. Ол кезде аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұмаділ қол қойған». Жер телімін беру туралы қаулыға сол кездегі аудан әкімі қол қойып беріпті .Осы құжат негізінде азаматтар жерге иелік ететін мемлекеттік АКТ алған. Қорғаушылар қарапайым халықты алдап соққан мемлекеттік қызметкерлерді жауапқа тарту керек деп есептейді. Өйткені, олар учаскені табан ақы, маңдай терімен жиған ақшасына сатып алыпты.

ҚУАНДЫҚ БАБАНОВ, ҚОРҒАУШЫ: «Сонда қаулыны шығарған адам қайда?. Осы қаулыны дайындаған адамдар қайда?. Специалистер?. Неге жауап бермейді?. Мына жерге қарап отырсаңыз жеке адамдарды да, мемлекетті де сорлатып отырған мемлекеттік қызметкерлер. Бірінші солар бойынша процесуалдық шешім қабылдансын! Соның нәтижесімен талап-арыз қаралсын». Кейбір азаматтарға қаулы жер телімін беруге мараторий жарияланбай тұрып берілген екен. Сондықтан бұл талап негізсіз көрінеді. Онымен бірге талап арыз беру мерзімі де өтіп кетіпті. ӘРКЕН КЕНЖЕМОЛДАЕВ, АДВОКАТ: «Көрсетілген заңнаманың қолданысқа енуі 2016 жыл дейтін болсақ, үш жылдан асып кетті бұл кісілердің талап беру мерзімі. Өткізіп алып қазіргі уақытта кінәсі жоқ адамдарды жауапкер қып тартып отыр соттың алдына. Бұның өзі заңсыздық болып саналады». Тараптардың пікірін тыңдаған сот келесі отырысты үй салынған жер телімдеріне барып өткізуді ұйғарды. Ал тұрғындары жерімізды тартып алатын болса, оған төлеген ақшамызды қайтарсын деп отыр. Жерді 800 мыңнан 2 миллион теңге аралығында сатып алыпты.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »