Новости на Newstaraz.

АПАТТАН КЕЙІН 8 АЙ БОЙЫ ТӨСЕК ТАРТЫП ЖАТЫР

newstaraz.kz

Автобус апатынан жапа шеккен әйел тағы сол автопарктың кесірінен өмір бойы төсек тартып қалуы мүмкін. 8 ай бойы еміне кеткен шығынды өтеп келген мекеме бүгіннен бастап төлемді тоқтатпақ. Қаласаң, сотқа бер деп жауап қатқан көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Наурыздағы бұл апат естеріңізде болар. Жүйіткіп келген автобус өзге қоғамдық көлікке бар екпінмен соғылып, салдарынан екі адам көз жұмған еді.

«Тут женщину смяло прям. Ну, не смяло, вот это все прям на нее свалилось. Тут водитель был, скорее всего не выжил». Соғылған автобустың ішінде сол күні Зина Ақжанова да болған еді. Автобусқа аман кірген әйел, 8 ай болды, төсек, міне, төсек тартып жатыр. Алғашқыда омыртқасына келген зиян денесін жансыздандырған екен. Біраздан бері өздігінен отырып үйренген. Бұған дейін еміне кеткен шығынды өтеп жүрген автопарк енді төлеуді тоқтатамыз депті. ЗИНА АҚЖАНОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ: «Төледі ме, айқай-шусыз төлесін де, мынада да маған бар ғой давлением көтеріледі! Мұнда төлемесең, лечениенің бәрін доғарып тастайды. Сразу доғарып тастайды. Бұл жердегі врачтардың ешқандай кінәсі жоқ. Автопарк! Өткенде де солай болған. Енді бүгін тағы осылай болып жатыр». Апаттан кейін есін жиғанда Зина Ақжановаға автопарк пен көлік басқармасының өкілдері келген көрінеді. Аяққа нық тұрғанша көмекті аямаймыз деп уәдені үйіп төкті дейді. Қазір ем ақылы түрде жүріп жатыр. Құнын қалтамыз көтермейді дейді келіні. НҰРБАНУ МҰХАМЕДЖАНОВА, ЗИНА АҚЖАНОВАНЫҢ КЕЛІНІ: «500 деген сөздің ең азы. Мұнда лечениеге керегі 700-800 мың, даже больше, көп болса даже миллион деп те айтуға болады. Ондай средствоны біз ай сайын төлеуге есептеңіздер. Міне 8 ай болды, 7 ай болды. Төледі. Есептесеңіздер, көп өте ақша. Бұл кісі өзі төлей алмайды». Тілші: Туыстары автопаркке де, әкімдікке де бас сұғыпты. Уәде беріп, кейін сөзінен таюға не себеп болғанын түсіну үшін. Бастапқыда ауызша келісім жеткен, қазір заңды түрдегі келісім керек болып қалыпты.

АЙГҮЛ ҚАЛТАЕВА, ЗИНА АҚЖАНОВАНЫҢ КЕЛІНІ: «Көлік басқармасына барғанымызда, бюджет ақшасын бере алмаймыз, тек сот арқылы шешу керек дейді. Онысы заңды шығар, бірақ уақыт жоғалтамыз. Енді ғана беті бері қарап келе жатқан адамды кез келген уақытта шығарып жіберуі мүмкін. Адам денсаулығы бәске тігілгендей болып тұр». Біз автопаркке де, көлік басқармасына да жауап алмақ болып хабарласып едік. Бір-біріне сілтеген күйі мардымды түсініктеме ала алмадық. Егер келісім жазбаша түрде бекітілмесе, сот арқылы шешуге тура келетінін заңгерлер де айтуда. Бірақ ол арада ем тоқтап қалмаса екен деген ой Зина Ақжанованың туыстарына маза бермей жүр.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »