Новости на Newstaraz.

Өзбекстан президенті осы аптада Түркияға сапарлайды

newstaraz.kz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев демалыс күндері Түркияға сапарлайды. Бұл туралы Qalampir.uz басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, Мирзияев Стамбулда 12 қарашада Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесінің кезекті саммитіне қатысады. Мирзияев екінші мәрте президент қызметіне сайланғалы бері алғаш рет шетелге ресми сапармен шығады.

Саммитке Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан президенттері мен Венгрия премьер-министрі қатысады деп жоспарланған.

Саммит қауіпсіздік, саясат, экономика, сауда, мәдениет және әлеуметтік әріптестік мәселелеріне арналады. Бұған қоса, «Кеңес» «Ұйым» ұғымына ауыстырылады, деп хабарлады Qalampir.uz.

Өзбекстан Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесіне 2019 жылғы қыркүйекте мүше болып қабылданды. 2009 жылы құрылған ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Венгрия бақылаушы ретінде қатысып жүр. Кеңестің осы жолғы саммитінде Түркіменстан да ұйымның толықтай мүшесі атанады.

Шавкат Мирзияев Түркияда былтыр ақпанда ресми сапармен болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »