Новости на Newstaraz.

«Өзенэнергоинвест» жалақыны көтеруді сұраған 67 жұмысшысын сотқа берді

newstaraz.kz

Иллюстративное фото

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Өзенэнергоинвест» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жұмысты тоқтатып, ереуілдетіп тұрған 67 жұмысшысын сотқа берді.

Жаңаөзенді жарықпен қамтамасыз етіп, оның үздіксіз берілуіне жауапты компания ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақы талап етуін, ереуілін «заңсыз» деп санайды.

«Өзенэнергоинвесттің» жүзден астам жұмысшысы 28 наурыздан бері мекеме ғимараты алдында ереуілдетіп, жұмысқа шықпай тұр.

Ереуілге қатысушылардың бірі жүргізуші Айдар Әйтешовтің айтуынша, жұмысшылар Еңбек кодексі талаптарына сай жұмыс берушімен қажетті келіссөздердің бар санатын өткізген. Ол 23 ақпандағы татуласу комиссиясы мен 11 наурызда өткен еңбек төрелігі комиссиясының нәтиже бермегенін айтады.

— Біз жұмыс берушімен барлық инстанцияны өттік. Арбитраж да нәтиже бермеді, себебі жұмыс беруші мен әкімдік бірігіп бізге жалақыға 10 пайыз қосуды ұсынды. Ал жұмысшылардың алатыны 70-90 мың теңге, ол 7-9 мың теңге үстеме деген сөз. Баға көтерілді. Бұл ақшаға қалай күн көруге болады? Біз жалақымызды 250 мың теңгеге дейін өсіруді талап етеміз, — дейді ол.

Айдар Әйтешовтің айтуынша, мекеменің бірнеше кезекші диспетчері қаланы жарықпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Жұмысшылар жалақыдан бөлек толық әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіп, 8 наурызға 10 айлық есептік көрсеткішке (30630 теңге) тең, ал Наурыз мерекесі, Энергетиктер күні мен Тәуелсіздік күні мерекесіне әрқайсысына 20 айлық есептік көрсеткішке (61260 теңге) тең сыйақы беруді талап етеді.

«Өзенэнергеинвест» директоры Серік Бахытжанов компания жұмысшылар талабын орындау мүмкін емес деп санап, сотқа бергенін айтады.

— 67 адамды 30 наурызда сотқа бердім. Өйткені олардың жалақысын 10 пайызға көтеру туралы ұсыныс айтылды, өздері келіспей тұр. Біз былтыр жалақыны 25 пайызға өсірдік. 34 электр жөндеуші менімен бірдей 200 мың теңге жалақы алады. Тариф өсірмей мен қалай жалақыны өсіремін. Оны әкімдік шешеді, — деді Серік Бахытжанов.

«Өзенэнергоинвест» мекемесінің жұмысты тоқтатқан жұмысшылары 28 наурызда желі арқылы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, энергетика министрі Болат Ақшолақовқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа, Жаңаөзен қаласы әкімі Мақсат Ибағаровқа үндеу жолдап, өздерінің талаптарына назар аударуды сұраған. Олар егер талаптарын орындай алмаса өздерін аймақтағы ірі мұнай өндіруші мекеме «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының балансына өткізуді сұраған.

Биыл ақпанда Жаңаөзенде оннан аса мекеменің жұмысшылары еңбек жағдайын жақсартып, еңбекақыны көтеруді талап етіп ереуілге шыққан. «Бұрғылау», «Теміртас», «РКЦУ-Ақтау» және бірнеше мекеменің қызметкерлері жұмысты тоқтатқан. Олар талаптарына ішінара қол жеткізген соң жұмыс орындарына оралған еді.

Жаңаөзенде 31 қаңтардан бері екі ай бойы қала әкімдігі алдына жұмыссыз тұрғындар жиналып, мұнай саласынан тұрақты жұмыс беретін мекеме ашуды талап еткен. Наурыздың соңында полиция қысымнан соң олар тарауға мәжбүр болған. Облыс билігі аранйы комиссия құрып, 400-ге жуық адамның жұмысқа орналасқанын айтады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »