Новости на Newstaraz.

17 жасында тұрмысқа шыққан 10 баланың анасы бақытты өмірдің құпиясымен бөлісті (фото)

newstaraz.kz

Төрт қыз бен алты ұлдың анасы Айсәуле Сатыбалдиева 17 жасында тұрмысқа шыққан. Айсәуле 34 жасында 10 баланың анасы атанды деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

pogudx5oqceve8vq9.225cb556

Айсәуленің 16 жастағы үлкен ұлы 10 сыныпта оқиды. Әлібидің соңынан ерген Махаббат, Салтанат, Гүлжанат, Азамат, Саят, Әділет, Ердәулет Айкерім, Сәулет есімді бауырлары бар.

«10 бала тудым. Біреуінің де атын өзім қойып көрмеппін. Әкесі ең соңғы кішкентайдың атын қойды. Ауруханада жатқанда «Баламның атын өзім қояйыншы, аты Сәулет болсын» деп хабарласты. Мүмкін өскенде сәулетші болар. Бұрын басқа балаларымды жұлқылай беретін едім, кішкентайыма қолым батпайды. Шомылдырған кезде де жыласа жуындыра алмай қаламын», — дейді Айсәуле кішкентайын қазірден ерекше еркелететінін айтып.

pogudx5bu5gbqep8r.34f8baf9

10 балалы отбасы кәсіпкер сыйлаған екі бөлмелі үйде тұрып жатыр.

pogudxrvhrbju7q74.c37f3cb8

«Ұйықтаған кезде бар бала бір бөлмеген жатады. Төрден есікке дейін төсек саламыз. Әрқайсысы өз орнын біледі. Балаларымның біреуі бір жерге кетіп қалса, бәріміз соны күтіп отырамыз. Келсе балалар бірін бірі құшақтап сүйіп, мәре-сәре болады.  Бірдеңеге жұмсап жатқанда бәрінің атын айтасың. «Ана балаң нешеде? 10 балаңызды қалай бағасыз? «деп қызығатындар бар  Бірақ, балаларымның атынан шатаспаймын», — дейді келіншек.

pogudx404cri4o77l.1adc434e

Үйде де, сыртта да жұптары жазылмай ойнайтын балалар бір біріне қарайласып жүреді. Сабақтарын оқиды, тамақтарын пісіреді. Әкелері ертелі-кеш жұмыста.

«Әр баланың өз міндеті бар. Бірі қоқыс шығарады, екіншісі дүкенге барады, екі қызым алма кезек үй жинайды, үлкен қызым балаға көмектеседі, үлкен балам кішкентай төрт ұлға қарайды. Далаға шыққанда бөлек ойнасада бір біріне қарап жүреді. Біреуіне тиісіп жатса бәрі жетіп барады екен. Көршілерім қалай бауырмал қылып тәрбиелейсің деп қызығып жатады», — деді Айсәуле.

pogudx72ian0pi8bo.4432e50b

Ата-анасыз жетім өскен Айсәуле бауырларының қолында тәрбиеленген.

pogudx43v38j74lot.9fa48a18

«Өзім жеті ағайынды болдым. Үш ағам да денсаулықтарына байланысты жастайынан қайтыс болды. Әкем жетінші сынып оқып жүргенімде, анам 11 жасымда қайтты. Ағайын-туманың қолында өстік. 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Бірінші баламды 18 жасымда босандым. Ол кезде ата-енемізбен бірге тұрдық. Ол кісілердің де баспаналары болған жоқ. Әр жерде көшіп-қонып жүргенбіз. Осы үйді алардың алдында қайын ағамның сарайында тұрдық. Сол үйдің малын бақтық. Сегіз баламен сарайдың бір бөлмесін паналадық. Ортасы пешпен бөлінген тар жерде аяғымызды созып жата алмайтын едік», — дейді ол.

pogudxcsrsadgf0vi.70aadeaa

Екі жыл бұрын қорада тұрып жатқан көпбалалы отбасыға ақтөбелік кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлаған еді. Жаңа үйде бала саны тағы екіге көбейді.

pogudx63204kr8era.444cfe85

«Мейіржан Өндіргенов үй беремін деп шақырған кезде сенген жоқпыз. Ол кісі көп ойланған жоқ. «Үй берем, хабар өзімнен болады»,- деп шығарып салды. Сол кезде ауылға келіп уақыт өткізе алмадық. Бұл не деген батпан құйрық, мүмкін алдаған шығар дедік. 10 күн өткеннен кейін «Дүйсенбіде көшіріп алып кетеміз» деген хабар келді. Сол кездегі екі күніміз екі жылға татыды. Жиналатындай көп затымыз жоқ. Барымызды буып қойдық. Ертең көшеміз деген күні балаларға дейін бәріміз ұйықтамай, түнімен босып жүрдік. Көшіріп алып келген кезде үйді көріп, тіліміз байланды. Екі бөлмелі үй хан сарайындай көрінді. Кішкентайларым кіре сала шешініп, шапқылап жүгірді.Сол кездегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Кішкентайларым айналып келіп мені құшақтай берді», — дейді Айсәуле.

pogudx7nfh21o04pj.34e87686

Үйдің құжатын өздеріне аудармаған отбасы ертеңгі күніміз қалай болар екен деп алаңдайды.

pogudxhipdbhhupbs.65bc2358

«Ол кісі: «Жолдасың менде бір жыл жұмыс істесін, сосын аударып беремін» деген еді. 5-6 айдан кейін Өндіргенов істі болды. Біз алаңдаймыз. Түрлі қиындықты көрдік. Бүгінгі күніміз Алланың берген несібесі деп ойлаймын. Асқар Тұрарұлы екі жыл бұрын Алғадан жер берген болатын. Болашақта сол жерге үй салғымыз келеді», — дейді келіншек.

pogudx2fdnkh12ftug.9a89ba66

Он баланың алтауы мектеп жасында. Қалғандары кішкентай. Көпбалалы отбасын облыстық драма театр ұжымы көктем мерекесіне концертке шақырып, ұялы телефон сыйға тартқан.

           pogudx156mbci5ajp.b0e1dcf2

Айсәуле Сатыбалдиева «Денсаулығымды түзетіп алсам, 40 жасқа дейін тағы бір бала босанамын» деп шығарып салды.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »