Новости на Newstaraz.

200-ден астам ереже бұзылғаннан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына айыппұл салынды

newstaraz.kz

АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында 200 ереже бұзу анықталды. Былтыр бұл шахтада апаттан алты кенші қаза болып, үшеуі жарақат алған.

Қазақстанның өндіріс қауіпсіздігі бойынша комитет мәліметінше, компания былтыр шахтадағы апаттан кейін анықталған ереже бұзуларды жойған емес.

«Тексеру қорытындысында компанияға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Заңға сәйкес, егер компания айыппұлды жеті тәулік ішінде төлесе, бұл соманың жартысы ғана алынады», – деді комитеттің Қарағанды облыстық департаменттің төраға орынбасары Кенгірбай Есенеев.

Оның сөзінше, «Абай» шахтасында көмір мен газдың, сонымен бірге көмір шаңының аяқ астынан жарылып кету қауіпі өте жоғары. Шахтаның масса температурасын анықтайтын жабдықтар жоқ; ғылыми институттармен бірлесіп геологиялық шарттарды болжаудың методологиясы жасалынбаған; компьютерлік техникалар, болжау және геологиялық барлау қызметтері жаңартылған емес; геологиялық моделдеу және сейсмикалық барлау істері жүргізілген емес; көмір шаңының құрамын анықтайтын жабдықтар сатып алынған емес.

2021 жылы қарашада «Абай» шахтасында апатты жағдай болып, алты кенші қайтыс болды.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысындағы бірнеше шахтаға және Теміртау қаласындағы металлургия комбинатына иелік етеді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »