Новости на Newstaraz.

АҚШ елшісі: қырғызстандықтарға визаға шектеу қойылуына бір-ақ себеп бар

newstaraz.kz

Құрама Штаттардың Қырғызстанға қарсы енгізген визаға шектеуінің бір ғана себебі бар. Осылай деп АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Дональд Лу мәлімдеді.

Елші «АҚШ коррупцияға байланысты визаның бірқатар түрлерін беруден бас тартып жатыр, америкалық базаны жапқаны үшін, сөз еркіндігіне қысым болып жатқаны үшін» деген болжамдар айтылып жатқанын, бірақ олардың бәрі негізсіз екенін жеткізді.

«Мұның бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Бұған бір ғана себеп бар – Қырғызстан электрондық биометрикалық төлқұжат шығармағаны үшін. Егер халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO – International Civil Aviation Organization) сайтына кірсеңіз және электрондық немесе биометрикалық төлқұжаты бар 160 елдің тізімін көресіз. Электрондық төлқұжатта чип болады және оны қолдан жасауға мүмкін емес. 160 мемлекетте осындай төлқұжат бар, ал әлі 30 елде мұндай төлқұжат жоқ. Қырғызстан осы 30 елдің ішіне кіреді», — деді АҚШ елшісі.

31 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Қырғызстан, Мьянма, Эритрея, Нигерия, Судан және Танзания мемлекеттерінің азаматтарына иммиграциялық және грин-карта визаларын алуға шектеу енгізген.

Қырғызстанда биометрикалық төлқұжат дайындау бойынша 2018 жылы тендер өткізген. Бірақ бұл тендер бойынша коррупциялық әрекеттер болып, Мемлекеттік тіркеу қызметінің жетекшілеріне қылмыстық іс қозғалған. Мекеме заманауи төлқұжат 2021 жылдан бастап беріледі деп уәде беріп жатыр.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »