Новости на Newstaraz.

Ақтөбе қаласының әкімі жүргізушілерді ереуілді тоқтатуға көндірді

newstaraz.kz

Жұма күні Ақтөбеде жалақыларын өсіруді талап етіп, таңғы сағат бестен бері ереуілдеткен «Жолаушылар автокөлік кәсіпорнының» жүзге жуық жұмысшысының наразылығы төрт жарым сағаттан кейін аяқталды.

Осы аралықта жүргізушілер мен кондукторларға кәсіпорын басшылығы өкілдері, еңбек инспекциясы мамандары келіп, жұмысқа шығуға көндіруге тырысқан еді, бірақ нәтиже шықпаған.

Таңертеңгі сағат 9-дар шамасында келген Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров «күні бойы осында боламын, әкімдікке бармаймын. Мәселемен танысып, шешемін» дегеннен кейін ғана жұмысшылар ереуілді тоқтатуға көнді. Бірақ әкім мәселені қалай шешетінін айтпады.

Жүргізушілер мен кондукторлар басшылыққа бірнеше талап қойып отыр: жалақыны өсіру, жоспарды көбейтпеу, зейнетақы мен медициналық сақтандыру жарнасын уақытында аудару. Азаннан қас қарайғанға дейін жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлері өздерінің айына 32-70 мың теңге аралығында жалақы алатынын, қымбатшылық жағдайында бұл жетпейтінін айтып, шағымданған. Ал компания басшылығы маршруттардың көбі шығынды ақтамайтынын, мемлекеттен субсидия мен компенсация берілсе, жағдай дұрысталатынын айтқан.

Ереуілдің салдарынан жұма күні қала іші мен маңындағы мыңдаған жолаушы қатынассыз қалған. Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, автопарк жұмыс күндері 1,5-2 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »