Новости на Newstaraz.

Амстердам соты Қырым музейіндегі скиф алтынын Украинаға қайтару жөнінде шешім шығарды

newstaraz.kz

Амстердамның апелляциялық соты Қырым музейіндегі скиф алтынын Украинаға қайтару жөнінде шешім шығарды. Музей өкілдері алтын аннексияланған Қырымға өтуі тиіс деп есептейді. Сот шешімі жөнінде Нидерланд қоғамдық арнасы хабарлады.

«Қырым – Қара теңіз алтыны және құпиясы» деп аталатын көрме жәдігерлеріне қатысты дау 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Украина үкіметі бұл жәдігерлерді мәдениет министрлігінің бақылауына берген.

Қырым музейі жетекшілері болса, бұл Ресей басып алған түбекте қалуы тиіс деп есептейді.

2016 жылы Амстердам соты Қырым аннексияланбай тұрғанда жергілікті музейдегі алтын Украинаға тиесілі деген шешім шығарған. Кері шағым беру ісі алты жылға созылды.

Украинаның мәдениет министрлігі Қырым музейінен алтынды алып, оны Киев музейіне сақтауға қойған. Сот шешіміне сәйкес, Украина еліндегі жағдайға байланысты билігі мұндай шешім шығаруға құқылы болды деп мәлімдеді.

Қазір Ресейге бағынатын Қырым жетекшісі Сергей Аксёнов бұл шешімді «рейдерлік тартып алу» деп атаған. «Скиф алтыны Қырым жерінде табылды. Мұнда жүздеген жыл бойы жатты. Алтын Қырым тарихының бір бөлшегі болып саналады», — деген ол телеграм каналында.

Украина президенті Владимир Зеленский сот шешімі әділ деп мәлімдеді. «Біз әркез өзіміздікін қайтарып аламыз. «Скиф алтынын» қайтардық, Қырымды да қайтарып аламыз», — деді ол.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »