«Автобус» іс-шарасының 3 күнінде жол ережесін бұзған 300-ден аса жүргізуші анықталды
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 301 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Атап айтқанда,
— ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (жолаушыларды, багажды және заттарды
тасымалдау ережесін бұзу) – 15;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған
көлік құралын басқару) – 19;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 7;
— ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық байқаудан өтпеу) – 35;
— ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) – 48;
— ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 25;
— ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 9;
— Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу(айыптұраққа қою) — 2;
— Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны – 6;
— ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі (міндетті сақтандыру қағидасын бұзу) — 5;
-590-бабы 5-бөлігі (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтін сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлары бар көлік құралын басқару) – 28.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz