Новости на Newstaraz.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы Еуропалық сотқа Ресейдің үстінен шағым түсірді

newstaraz.kz

Штаб-квартира РСЕ/РС в Праге

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медикорпорациясының Ресейдегі өкілдігі саналатын «Азат Еуропа/Азаттық радиосы» ЖШС және оның бас директоры Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сотқа жүгінді.

Арызда корпорацияның орыс тілді журналистерінің жобаларын «шетел агенттері» тізіміне енгізген Ресей билігінің әрекеттері туралы айтылған.

Үш ай бұрын медиакорпорация Страсбургтегі Бас прокуратураға шағымданған. Ал 2021 жылғы маусым айында Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сот АЕ/АР арызын тезірек қаралуы тиіс іске жатқызған.

Медиакорпорацияның жаңа құжатында «шетел агенттері» жөніндегі заң мен соның негізінде енгізілген санкциялар сөз бостандығы жөніндегі еуропалық конвенция баптарына сай еместігі айтылған. Арызда Ресейдегі журналистердің жұмыс істеуі қиындағаны баяндалған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының орыс тіліндегі жобаларын Ресей 2017 жылы «шетел агенттері» тізіміне енгізді. Былтыр қаңтар айында Роскомнадзор ол жобаларға қатысты мыңнан астам хаттама толтырды. Сот солардың негізінде шамамен 1 млрд рубль айыппұл салды. Ресейдегі соттар медиакорпорация арыздарын қайтарған соң, ол Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »