Новости на Newstaraz.

БҰҰ: Ауғанстанда соғыстан зардап шеккен бейбіт тұрғындар көбейді

newstaraz.kz

Мамыр және маусым айларында Ауғанстанда шамамен 2400-ге жуық бейбіт тұрғын қаза болған немесе жарақаттанған. 2009 жылдан бері екі айда алғаш рет осыншама жоғары көрсеткіш тіркеліп отыр. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.

БҰҰ-ның есебінше, биыл алғашқы алты айда Ауғанстанда өте көп әйел мен бала қаза болған. БҰҰ-ның Ауғанстанды қолдау жөніндегі миссиясының есебінше, биыл қаңтар мен маусым аралығында 5183 бейбіт тұрғын қаза болған немесе жарақаттанған. Осы уақыт аралығында 1659 адам мерт болған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 47 пайызға көп.

Мамыр айының басында АҚШ президенті Джо Байден Америка әскерін Ауғанстаннан әкете бастағаннан кейін «Талибан» мен ауған үкімет күштері арасындағы қақтығыс үдеген.

Кейінгі аптада Катарда «Талибан» мен ауған үкіметі өкілдері арасында келіссөз жүріп жатыр. Былтыр қыркүйектен бері жалғасып келе жатқан бейбіт келіссөз барысында тараптар ешқандай келісімге келе алған жоқ.

БҰҰ-ның мәліметінше, биыл алты айда қаза болған бейбіт тұрғындардың 46 пайызын әйелдер мен балалар құрайды. Есепке қарағанда, 468 бала мерт болған, 1214 бала жарақат алған. 219 әйел опат болған, 508-і жараланған.

«2021 жылдың алғашқы жартысында зардап шеккен бейбіт тұрғындардың жартысына жуығын әйелдер мен балалар құрайтыны ерекше алаңдаушылық туғызып, жанды түршіктіреді» делінген БҰҰ-ның Ауғанстанды қолдау жөніндегі миссиясының мәлімдемесінде.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »