Новости на Newstaraz.

Белсенді Әлнұр Ілияшев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді сотқа берді

newstaraz.kz

Азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді сотқа берді. Бұл жөнінде белсенді Facebook парақшасында жазды.

Белсенді соттан саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Ерлан Қарин мен ғылым министрлігін (ғылым және жоғары білім министрлігі) саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде 1993 жыл мен қазірге дейін саяси себеппен қудаланған азаматтарды да ақтауға міндеттеуді талап етіп отыр.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Әкімшілік-процестік кодекске сәйкес «татуласу рәсімін» 3 шілдеге белгілеген.

«Одан және ғылым министрлігінен кім келетінін көрейік. Қуғын-сүргінге ұшыраған жүздеген адам 1993 жылдан бері және қазір ондаған саяси тұтқын өздерін қашан ақтайтынын күтіп жүр. Егер мемлекеттік кеңесші және мемлекеттік комиссияның жұмыс органы өз жұмыстарын өз еркімен бастамаса, онда оларды сот арқылы мәжбүрлеуге тура келеді. Егер соттар Конституцияға қайшы саясатты қолдаса, онда конституциялық сот ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан қайшылықты шешеді деп үміттенемін. Қазақстанда саяси қудалау бар болса да, билік органдары оны мойындағысы келмейді» деп жазды Ілияшев.

Әзірге Ерлан Қарин белсендінің шағымына реакция білдірмеді.

2021 жылы «Нұр Отан» партиясын (қазіргі «Аманат») сынағаны үшін сотталған белсенді сол жылы сотқа шағым түсіріп, өзін «саяси қуғын құрбаны» деп тануды сұраған.

Оның алдында маусымда Әлнұр Ілияшев биліктегі «Нұр Отан» партиясын Facebook желісінде сынағаны үшін «көпе-көрнеужалған ақпарат таратты» деп айыпталып, үш жылға бас бостандығы шектелген еді. Бұдан бөлек 100 сағат мәжбүрлі жұмыс жегіліп, бес жыл қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салынған. Ол бұл шешімді саяси қуғын деп атаған. Оған жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар да араша түскен.

Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін белсендінің азаматтық құқығын бұзбауға шақырып, оған шыққан үкімнің күшін жоюға үндеген еді. АҚШ мемлекеттік департаменті де үкімді сынаған. Әділдік үшін Клуни қоры (Clooney Foundation for justice, CFJ) белсендіні қудаламауға үндеген.

Қазақстанда «белсенділігіне бола қамалды» деп танылған 25 «саяси тұтқын» бар. Аталған тізім бір күн бұрын толықтырылған. Қазақстан билігі елде саяси қудалау барын мойындамай келеді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »