Новости на Newstaraz.

Бюро: Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың 71 пайызы азапталған

newstaraz.kz

Бүгін, 18 тамызда Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған азаматтар құқығы қалай бұзылғаны туралы есеп жариялады. Оны бюро жетекшісі, құқық қорғаушы Евгений Жовтис таныстырды.

Жыл басында сұйытылған газдың қымбаттауына қарсы наразылықтан бейбіт басталып, аяғы бірнеше қалада дүрбелеңге ұласқан Қаңтар оқиғасына байланысты, ресми дерек бойынша, он мыңнан аса адам ұсталған. Полиция наразыларды күшпен таратып, азаматтарға ескертусіз оқ атты. Оқиға кезінде кемінде 238 адам қаза тапты. Оның алтауы тергеуде азапталып, көз жұмған.

Есеп авторлары Қаңтар оқиғасына байланысты ұсталған кәмелет жасына толмағандар мен ересектерді, олардың адвокаттарын қосқанда 63 адамның арасында сауалнама жүргізген. Осылайша полиция азаматтарды бөлімшеге жеткізу кезінде, хаттама толтыру барысында, құқықтық және медициналық көмек көрсетуде, қамауда қандай заңбұзушылықтар болғанын анықтаған.

Сауалнамаға қатысқандардың 81 пайызы бұған дейін қылмыстық жауапқа тартылмаған. Ал бұрын істі болғандар, Жовтистің сөзінше, бейбіт жиын ережесін бұзды деп жауапқа тартылған азаматтық белсенділер.

Қаңтар кезінде ұсталған азаматтар үстінен көбіне Қылмыстық кодекстің жаппай тәртіпсіздік (52 %), қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (13 %), ұрлық (12 %), билік өкіліне күш көрсету (11 %) баптарымен іс қозғалған.

Есеп бойынша, полиция азаматтардың 63 пайызына ұстау кезінде күш қолданған. Бірақ мұндай жағдайдың ешбірі, құқық қорғаушы дерегінше, видеотіркеуге жазылмаған.

Азаматтардың 43 пайызы ұстау кезінде полиция не жедел топ қызметкерлері қызметтік куәлігін көрсетпегенін, өзін таныстырмағанын айтқан. Ұсталғандардың 30 пайызы «сол күйі өзін кім әкеткенін біле алмаған». 59 пайыз жағдайда полиция хаттаманы заңда көрсетілген тиісті уақыттан үш саған кеш толтырған.

— Адамды не үшін ұстап жатқанын полиция 21 пайыз жағдайда ғана айтқан. Яғни әрбір бесінші адам ғана өзін полиция не үшін ұстап жатқанын білген. 63 пайыз жағдайда азаматтарға қандай құқығы бары айтылмаған. Ұсталғандардың 76 пайызы адвокатымен еркін байланысқа шыға алмаған, — дейді Жовтис.

Сауалнама кезінде адвокаттар әсіресе Қаңтар оқиғасының алғашқы күндері ұсталған өз қорғауындағы азаматтармен байланысу мүмкін болмағанын айтқан. Қамау мекемелері байланысқа шектеу қоюын елдегі «төтенше жағдайға сілтеген».

— Бұл — Конституцияны өрескел бұзу. Конституцияның 13-бабында әрбір азаматтың кәсіби заң көмегін алуға құқығы бары жазылған. Мейлі төтенше жағдай, мейлі төтенше оқиға болсын — ештеңе азаматты заң көмегін алу құқығынан айыруға себеп бола алмайды, — дейді құқық қорғаушы.

Сауалнама қорытындысы бойынша, ұсталған азаматтардың 71 пайызы тергеу кезінде азапталған.

— Адвокаттардың басым бөлігі азаптау оқиғасы бойынша шағым түсірген. Тексеріс жүргізілген. Бірақ шағымның 18 пайызында ғана азапталған адамға жәбірленуші статусы берілген. Азаматтардың 77 пайызы өзін кім азаптағанын білетінін айтса да, тек 18 пайыз адамды жәбірленуші деп тапқан! — дейді Жовтис.

Құқық қорғаушылар есеп аясында Қазақстан билігіне бірнеше ұсыныс айтады. Оның арасында полиция видеотіркеуіне қатысты талапты күшейту, ұсталған азаматқа құқығын түсіндіру талабын мұқият сақтау, адамның туыстарына не басқа азаматтарға ұсталғаны туралы хабар беру құқығымен дұрыс қамтамасыз ету, заң көмегін алу құқығын мұқият қамтамасыз ету, азаптаумен күрес бойынша шұғыл тиімді шара қабылдау сияқты кеңестер бар.

Тамыз басындағы дерек бойынша, Қаңтар оқиғасына байланысты 474 қылмыстық іс сотқа жетіп, 717 азамат сотталған. 92 адам түрме жазасына кесілген. 1 тамыздағы ақпаратқа қарағанда, 286 адам күдікті ретінде қамауда отыр.

Қаңтар оқиғасына байланысты тергелген жүздеген адам азаптауға шағынған. Қазірге дейін құқық қорғау органдарының 15 қызметкері азаптау мен тергеудің заңсыз әдістерін қолданды деп тергеліп жатқаны белгілі. Қазақстанда азаптау бабы бойынша арыздардың сотқа жетуі, күш қолданған адамның жауапқа тартылуы сирек.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »