Новости на Newstaraz.

Еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен «Бұрғылау» мұнайшылары сотқа тартылды

newstaraz.kz

21 ақпанда Жаңаөзендегі «Бұрғылау» компаниясы мұнайшыларының еңбек қауіпсіздігін сақтап, жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен ереуіліне 13 күн болды. Ереуілшілер әзірге талаптарына ешкімнің назар аудармағанын айтады.

Мұнайшылар өмірге қауіпті ескі техниканы ауыстырып, «Бұрғылау» мекемесін «Өзенмұнайгаз» компаниясына бөлімше ретінде қосуды талап етеді. Наразы мұнайшылар әбден ескірген ауыр арнайы техникалардың өндіріс басында жиі істен шығып, өмірлеріне жиі қауіп төндіргенін айтады. Олар «ереуілде емеспіз, Еңбек кодексіндегі талапты сақтауды сұрап тұрмыз» дейді.

«Бұрғылау» мекемесінің мұнайшысы Бауыржан Қуанышевтің айтуынша, жұмыс беруішімен болған былтырдан бергі бірнеше кездесу әзірге нәтиже бермеген. Талапты орындау орнына өздерін «заңсыз ереуілге шықты» деп сотқа бергенін айтады.

— Жұмыс беруші бізді екі рет сотқа берді. Біріншісінде, талаптарымызды видео үндеу етіп таратқанымыз үшін сотқа тартты. Сот оны негізсіз деп кері қайтарды. Екіншінде «ереуілді заңсыз деп тануды» сұрап арызданды. Сот ол арызды қанағаттандырды. Біз қазір жұмыс аумағында тұрмыз, үйде жатқан жоқпыз. Енді жұмыстан шығарамыз деген қысым жасағысы келеді,- дейді ол.

17 ақпанда Жаңаөзен соты Серік Қалабаев, Қайрат Әбдіров, Бауыржан Қуанышев, Абылай Алмұратов, Иса Жексенов, Ержан Құлатаев, Рамазан Әбдікәрімовты сотқа тартып, жұмыс беруші өтінішімен «ереуілді заңсыз деп таныған» шешім шығарған.

«Бұрғылау» мекемесі кәсіподағының төрағасы Ержан Құлатаев мұндай сотқа шақыруды мыңға жуық мұнайшының алғанын айтады.

«Бұрғылау» компаниясына қоңырау шалғанмен ешкім трубканы көтермеді. Компанияның ресми сайтында 19 ақпанда соттың болғанын растап, наразылық білдірген мұнайшыларды жұмысқа шығуға шақырған ақпарат жарияланған. Бұған дейін мекеме сайтында мұнайшылар талабына сәйкес 18 бөлімнен тұратын компания ұстанымы жарияланған. Онда техникалардың үнемі жаңартылатынын, жұмысшылардың миллион теңгеге дейін жалақы алатынын, мекемені «Қазмұнайгаз» құрамына енгізу және басқа да жұмысшылар талабының орындалмайтыны туралы айтылған. Бірақ мұнайшылар бұл жауаппен мүлде келіспейді.

«Бұрғылау» жұмысшылары бұған дейін де еңбек жағдайын, жалақы туралы талап айтып ереуілге шыққан. Олардың аптаға созылған ереуілдері 2016 жылдың шілде, қазан айларында болған еді.

«Бұрғылау» ЖШС Маңғыстаудағы «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз» сияқты ірі мұнай-газ өндіруші компанияларға мұнай және газ ұңғымалары құрылысы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды жою, көлік қызметтерін көрсетеді. Компанияда 2000-нан астам адам жұмыс істейді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »