Новости на Newstaraz.

«Екі аяғы жоқ». Ресейде сотталып, Украинадағы соғыста өлген тәжік азаматы елінде жерленді

newstaraz.kz

19 қаңтарда Тәжікстанның Жайхун ауданын Пяндж жамағатында 47 жастағы Шамсиддин Қодировты жерлеу рәсімі өтті. Ол Ресейде сотталып, түрмеден Украинадағы соғысқа жіберілген.

Марқұмның туыстарының айтуынша, екі жыл бұрын ол Ресейде есірткі сақтады деген айыппен 14 жылға сотталған.

«Шамсиддин Волгоградтағы колонияда отырған. Былтыр мамыр айында оны Украинадағы соғысқа жіберген», — дейді марқұмның бауыры Рахмиддин Қодиров 23 қаңтарда Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұқбатында.

Шамсиддиннің соғысқа өз еркімен барғанын, не баруға мәжбүрлегенін туыстары білмейді. «Ол жақында соғысқа кететінін әуелі ұлына айтқан. Оны естіген біз соғысқа бармауын сұрадық. Бірақ ол бізді тыңдамады. Шамсиддин тірі қалсам, жарты жылдан соң оралам деп ойлады. Бірақ соғыста өлді», дейді Рахмиддин Қодиров.

Оның айтуынша, Шамсиддин Қодиров 2022 жылғы қарашада мерт болған, бірақ оның денесі Тәжікстанға екі айдан кейін ғана жолданған. Анықтамада Қодиров екі аяғынан жараланған соң қайтыс болғаны айтылған. “Бауырымның денесі аман, бірақ екі аяғы тізеден төмен қарай кесілген», дейді Рахмиддин Қодиров.

Кейінгі екі айда Ресейдегі түрмелерде жазасын өтеп жүрген жерінде Украинадағы соғысқа жіберіліп, сол жерде өлген кем дегенде төрт тәжікстандық туралы мәлім болды.

Екі жыл бұрынғы мәліметке қарағанда, Ресей түрмелері мен тергеу изоляторларында сол кезде Тәжікстанның 10 мыңға жуық азаматы отырған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »