Новости на Newstaraz.

Еуропа қалаларында мыңдаған адам Covid-пен байланысты шектеулерге қарсылық білдірді

newstaraz.kz

24 шілдеде Еуропа қалаларында ондаған мың адам індетті шектеу мақсатында енгізілген шараларға қарсылық білдірді.

Наразылықтың ең ірісі Францияда өтті. Мұнда бүкіл ел бойынша 160 мыңнан астам адам мейрамхана және өзге де қоғамдық орындарға арнайы рұқсат қағазымен кіргізуді қарастыратын заң жобасына қарсылық білдірді. Жобаға сәйкес, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де коронавирус вакцинасын салдыруға міндетті.

Көп жерде наразылық бейбіт өткен. Алайда Парижде Бастилия алаңында полиция қызметкеріне орындық лақтырылғаннан кейін күштік құрылымдар»Азаттық! Азаттық!» деп айқайлаған наразыларға жас ағызатын газ шашты. Кейінірек полиция Триумф аркасы маңында наразыларды тарату үшін су пайдаланған.

Даулы заң жобасына сәйкес, енді музей, кинотеатр, мейрамхана, бар және өзге де нысандарға кіру үшін арнайы «рұқсат қағаз» қажет. Мұндай құжат вакциналаудан толық өткен, коронавирус жұқпағаны жайлы ПТР тесті бар немесе коронавирустан емделгенін дәлелдейтін анықтамасы бар адамдарға беріледі.

Сенбі күні Рим мен Италияның өзге қалаларында да мыңдаған адам бейбіт шеруге жиналып, стадион, кино және өзге де қоғамдық орындарға кірген кезде талап етілетін «жасыл рұқсат қағазына» наразылық білдірді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »