Новости на Newstaraz.

Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 млн долларға жылжымайтын мүлік алған

newstaraz.kz

Freedom For Eurasia есебі бойынша, Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 млн долларға Лондон және Гонконг қалаларынан жылжымайтын мүлік алған.

BBC News тілшісі Энди Верити өзінің есебінде британдық компаниялардың көмегімен Гүлнара Каримова коррупция арқылы келген ақшаға бірнеше зәулім үй, ұшақтар сатып алғанын жазады.

Оған Лондонда және Британдық Виргин аралдарында орналасқан компаниялар көмектескен.

Энди Верити есебінде Каримованың Британиядан үйлерді өте оңай жолмен сатып алғаны алаңдатады деген.

Freedom For Eurasia зерттеуінде Гүлнара Каримованың қамауға алынғанға дейін Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Дубай және Гонконг қалаларынан 14 жылжымайтын мүлік сатып алғанын анықтаған.

Бір Британияның өзінде әрқайсысы кемінде 50 млн фунт тұратын бес бірдей үйі болған.

Екі пәтерін 2013 жылы сатып үлгерген. Қалған мүліктері 2017 жылы бұғатталған.

2013 жылы Гүлнара Каримоваға қатысты қылмыстық іс қозғалып, бес жыл бостандығы шектелген. Кейін билікке Шавхат Мирзияев келгеннен кейін, 2020 жылы үстінен қосымша іс қозғалып, Каримова 13 жыл және 4 айға сотталды. Ол қазір Ташкент түбіндегі әйелдерге арналған колонияда жазасын өтеп жатыр.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »