G20 саммиті әлемдік корпорацияларға салық салу жөнінде келісімге келді
Марш за климат в Брюсселе, 10 октября 2021
«Үлкен жиырмаға» (G20) кіретін елдердің лидерлері ірі корпорациялар табысынан 15% кем емес салық салу туралы халықаралық келісімді мақұлдады.
BBC хабарлағандай, осы жол арқылы G20 трансұлттық компанияларды кірісін офшорларға жібермей, көбірек салық төлетуге жеткізуге ниеттеніп жатыр.
АҚШ ұсынған бұл жаңа салық 2023 жылға қарай күшіне енеді деп күтіледі.
АҚШ қаржы министрі Жанет Йеллен қол қойылған келісімді әлем экономикасы үшін тарихи оқиға деп атады.
«АҚШ-тағы ірі компаниялар көбірек салық төлеуге мәжбүр болғанымен, америкалық орта кәсіпкерлер мен жұмысшылар көп ұтады», — деді ол.
Бүгінгі күні «Үлкен жиырма» елдердің ішкі жалпы өнімі әлемдік ішкі жалпы өнімнің 80% құрайды.
newstaraz.kz