Новости на Newstaraz.

Газа секторын атқылау кезінде «Ислам жиһадының» екі командирі өлді

newstaraz.kz

Израиль армиясының Газа секторын соққылауы кезінде «Ислам жиһады» зымыран әскерінің басшысы мен оның орынбасары мерт болды, деп хабарлады бейсенбі күні кешке Reuters.

Агенттік мәліметінше, кейінгі үш күннің ішінде шабуылдан «Ислам жиһадының» лауазымы жоғары бес қолбасшысы өлген. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының дерегінше, Газа секторында үш күнде 29 адам қаза болып, 93 адам жараланған. Қаза болғандар арасында кем дегенде он бейбіт тұрғын бар. Соған байланысты БҰҰ Израиль армиясының әрекетін сынады.

Израиль әскерінің хабарлауынша, сәрсенбіден бері Газа секторынан кем дегенде 803 зымыран ұшырылған, солардың 620-ы Израиль аумағына өткен. Олардың бірқатары ғимараттарға түскен, бірақ көбісі ашық алаңдарға құлаған немесе әуеде атып түсірілген.

9 мамырда таңертең Израиль армиясы «Қалқан мен жебе» антитеррористік операциясы басталғанын жариялап, «Ислам жиһадының» үш жетекшісі өлтірілгенін хабарлаған. Армия мәліметінше, олар жанкештілердің шабуылдары мен Израиль аумағын атқылауға жауапты болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »