Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжі кәсіби сержанттар корпусы қатарына үміткерлерді қабылдау туралы хабарлайды. Осыған орай үгіттеу-түсіндіру тобы Атырау облысының орта білім беру мекемелерін аралауда.
Кәсіби бағдар беру барысында Ш.Уалиханов атындағы Әскери колледждің өкілдері мектеп түлектеріне әскери қызметтің ерекшеліктері, оқу орнына түсу тәртібі және әскери мансап туралы айтып берді.
— Әскери колледж Қарулы Күштер үшін кәсіби сержанттарды дайындайды. Қабылдау кезінде орта білім туралы куәліктің орташа бағасы ескеріледі, ол 3 баллдан жоғары болуы керек. Үміткерлер медициналық тексеруден, дене дайындығы мен психологиялық тестілеуден өткен жағдайда колледж кедеті атанады. Оқу аяқталғаннан кейін олар әскери мамандық иесі болып, 100% жұмысқа орналасады », — деді колледж өкілі 3-сынып сержант Еркебұлан Серікбаев.
Қызығушылық таңытқандардың арасында Атырау қаласының № 12 орта мектебінің оқушысы Ерасыл Нұрланұлы болды. Ол ұзақ уақыт бойы Әскери колледж туралы ақпарат жинастырып жүрген болатын, әскерилердің өздері келгеніне қатты қуанды.
— Мен бұл оқу орнына түсуді жоғары және сапалы әскери білім алу мүмкіндігі деп бағалаймын. Жеке сұрақтарымызды колледж өкілдеріне тікелей қойып, қажетті ақпаратты ала алғаныма қатты қуандым. Мен әскери адам болу және елімнің игілігі үшін қызмет ету мақсатымды тағы бір рет нығайттым, — дейді Ерасыл.
Қорғаныс Министрлігінің Әскери колледжі Щучинск қаласында орналасқан. Оқу орнында жоғары білікті мамандарды даярлауға қажетті жақсы материалдық базамен қатар үздік оқытушылар құрамы бар. Әскери колледжде оқу мерзімі — 1 жыл 10 ай. Оқу аяқталғаннан кейін кадеттер «Әскери менеджмент» мамандығы бойынша «кіші әскери басқару маманы (менеджер)» біліктілігімен диплом алады, сонымен қатар 3-дәрежелі БМП механик-жүргізушісі және «B», «C» санатындағы автомобиль жүргізуші куәлігін иемденеді.
ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі
капитан Рустем Игисинов
Байланыс: +7-777-641-11-72
newstaraz.kz