Новости на Newstaraz.

Кемпірабад жөніндегі келісімді қолдамаған депутаттар қысымға ұшырағанын мәлімдеді

newstaraz.kz

Кемпірабад жөніндегі келісімді қолдамаған депутаттар қысымға ұшырағанын мәлімдеді

Қырғызстанда Жогорку Кенештің 24 қарашадағы отырысында депутат Эльвира Сұрабалдиева Кемпірабад су қоймасы жөніндегі келісімге қарсы дауыс берген 19 депутат пен олардың туыстарына қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

«Кеше туған күнім болды. Қамчыбек Қыдыршаұлына (Қамчыбек Тәшиев – ҰҚМК төрағасы) рақмет, сіздің сыйлығыңызды және ҰҚМК қызметкерінің қылмыстық іс қозғаймын деп туысымды қорқытқанын ешқашан ұмытпаймын. 2020 жылғы оқиғадан кейін екі жыл өткенде мені дәл осылай қорқытады деп ойламап едім. Кеше басқа да депутаттармен сөйлестім, бәрінің туыстарын қызметтен ала бастады. Мемлекеттік қызметте істейтін туысым жоқ, бірақ алыс туыстарды да қызметтен алып жатыр. Осындай іспен айналысатын, кәсіпті тартып алам деп қорқытатын ҰҚМК масқара болды. Бәкиевтің кезінде де мұндай сұмдық болмаған», — деп мәлімдеді депутат.

Эльвира Сұрабалдиева биыл жазда оған митинг дайындады деген күдікпен екі ай бойы «тексеріп, қорқытқанын», оны дәлелдейтін аудиожазба бар дегенін де айтты.

«Мен премьер-министрге, президентке дейін жеттім, сол аудиожазбаны көрсетуін сұрадым. Бұл іс қыркүйектің аяғында бітті. Содан бері екі ай өткен жоқ, енді туыстарымды қорқытуға көшті. Мені ақшасыз қалдырамыз депті. Менің Кемпірабад бойынша «иә» деген дауысым сіздерге не үшін керек? Демократияның елесін де жасау қолдарыңнан келмей ме?» — деп сұрады Сұрабалдиева.

17 қарашада Жогорку Кенеш Қырғыз-өзбек мемлекеттік шекарасындағы жекелеген уаскелер жөніндегі келісім-шартты, Кемпірабад су қоймасының су ресурсын бірлесіп басқару жөніндегі келісімді бірден үш оқылымда мақұлдады. 64 депутат құжатты қолдады, 19 депутат қарсы дауыс берді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »