Новости на Newstaraz.

Нұр-Сұлтан құрылысшылары өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ құрып, оны тіркетті

newstaraz.kz

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін құрылысшылар «Үміт» деп аталатын тәуелсіз кәсіподақ құрды. 20 мамырда жұмысшылар ұйымның қалалық әділет департаментінде ресми тіркелгені туралы құжат алған. Олар көмекке мұқтаж астана аумағында жұмыс істейтін әр жұмысшының мүддесін заң аясында қорғауға дайынбыз дейді.

Ұйым басшысы — Нұр-Сұлтанға Түркістан облысынан келген құрылысшы Қайрат Айдар. Оның сөзінше, қазір кәсіподақтың өзін қосқанда, 12 құрылтайшысы бар. Құжатқа сәйкес, ұйым тек Нұр-Сұлтан аумағында құрылысшылардың құқығын қорғайды.

2011 жылдан бері мұнаралы кран операторы болып жұмыс істейтін Қайрат Айдар ұйымды құру идеясы мәжбүрліктен туындағанын айтады.

2021 жылғы қыстың соңғы айларында Нұр-Сұлтан қаласында автокран жүргізушілері және мұнарлы кран операторлары наразылық танытты. Олар жұмыстың қауіпті екенін және инфляцияны алға тартып, жалақы өсіруді талап еткен. Мәселелерін айтып, жұмыс берушіге және еңбек министрлігіне шағымданған, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат та жазған.

Бұдан кейін Қазақстанның бірнеше қаласындағы краншылар да айлық көтеру мәселесін көтеріп, наразылық білдірген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Көкшетау қалаларының жұмысшылары еңбек шарты бойынша, желдің жылдамдығы 12 м/секунд болғанда жұмысты тоқтатуы керек болса да, жұмыс беруші желдің екпіні 25 м/секунд кезінде де жұмысқа шығаратынын айтқан. Наразылардың сұрауы ішінара орындалып, олардың жалақылары аздап көтерілді деген хабар тарады.

Осы мәселеден кейін жұмысшылар кәсіподақ құрып, өз құқықтарын өздері қорғауды ұйғарған. Әріптестері құжат дайындап, ұйымды тіркеуді тапсырған Қайрат Айдардың айтуынша, наразылық кезінде көмек сұраған кәсіподақтар жұмысшылар мәселесін шеше алмаған.

– Краншылар жалақы жайын көтергенде, көп кәсіподақтан көмек сұрадық. Бірақ олар мәселені шешпеді. Өз мүдделерін ойлап кетті. Сондықтан біз құрылыс саласында еңбек етіп жүрген барлық жұмысшының құқын қорғайтын кәсіподақ құруды ұйғардық. Біз заң аясында жұмыс істейміз, ал жұмыс берушілерден еңбек заңының сақталуын талап етеміз. Бізге көмектескісі келетін басқа кәсіподақтар болса, олардың көмегін қабылдаймыз, – дейді Айдар.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »