Назарбаевтың күйеу баласы сауда үйін салмақ болған жерге мектеп салынатын болды
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары сауда үйін салуды жоспарлаған Алматының шырайлы жері мемлекетке қайтарылады.
Қазір бұл аумаққа жергілікті билік мектеп салуды жоспарлап жатыр.
Азаттық былтыр тамыз айында Назарбаевтың ортаншы қызы Динара мен күйеу баласы Тимур Құлыбаев Алматының элиталы ауданынан Fresh Market сауда үйін салуды жоспарлап жатқанын жазған. Бұл аумақ Бостандық ауданында Розыбакиев пен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан.
«Мега центр» сауда үйінің қарсысында орналасқан 6,6 гектар жер «Достар Констракшн» компаниясына тиесілі. Бұл жер кезінде «Казкомерцбанк» банкі өткізген аукцион кезінде сатып алынған. Қазір бұл жер мектеп салу үшін мемлекетке қайтарылды. Жаңа жылдан бастап құрылысын жоспарлаймыз», — деді Алматы қаласы жер қатынастары жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов.
Тимур мен Динара Құлыбаевтар америкалық миллиардерлерді анықтайтын Forbes журналының тізімінде. Олар Қазақстандағы ең ірі банкті бақылайды.
Қаңтар оқиғасынан кейін Құлыбаев «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы төрағасы қызметінен кетті. Бірақ оған билік тарапынан қандай да бір айыптаулар тағылған емес.
newstaraz.kz