Новости на Newstaraz.

Оралда кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген екі адам қамауға алынды

newstaraz.kz

Оралдағы кәсіпкерді өлтірді деп күдікке ілінген 21 жастағы Тұрлан Амангелді мен 31 жастағы Руслан Қожантаев екі айға тергеу изоляторына қамалды. 11 тамызда тергеу соты оларды қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сот отырысында тергеу материалдары да таныстырылды. Іс құжаттарына сай, Мичурино кентінің тұрғыны Руслан Қожантаев 6 тамызда Оралдағы «Рахат-Лукум» мейрамханасына кәсіпкер әрі осы мейрахмананың иесі Еркін Мұханғалиевпен кездесуге келген.

Полиция Қожантаев екінші күдіктімен бірге кәсіпкерді өлтіруді алдын ала жоспарланған деп күдіктенеді. Кейін мейрамханада Қожантаев пен Мұханғалиев сөзге келіп қалып, Қожантаев кәсіпкерге бірнеше рет пышақ салған. Тергеу материалдарында «Амангелді кәсіпкерге бір рет пышақ салғаны, мейрамхана қызметкерлерін Мұханғалиевке көмектеспес үшін бөгегені» айтылады.

Мейрамхана иесі пышақ жарақатынан сол жерде көз жұмған. Екі күдіктіні оқиғадан екі күн өткенде ұстаған.

Тергеу сотында Қожантаев екі әйелі, балалары барын айтып, изоляторға қамамауды сұрады. Ал Амангелді сотта өзіне «Руслан қысым жасағанын» айтып, қамауға алмауды өтінді. Бірақ сот тергеудің өтінішін қанағаттандырып, екі күдіктіні екі айға қамауға алды.

Күдіктілерге «Алдын ала сөз байласып, топ болып адам өлтіру» бабымен іс қозғалған. Олардың айыбы дәлелденсе 15 жылдан өмір бойына түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Қылмыс мотиві белгісіз, алдын ала ақпаратқа қарағанда, жанжалға бизнесменнің уақытында жалақы төлемегені себеп болуы мүмкін.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »