Новости на Newstaraz.

Петропавлда «халық кеңесі» құрылғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін полиция тексеріс бастады

newstaraz.kz

Желіде Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының «халықтық кеңесі құрылғаны» жөнінде видео тараған соң Солтүстік Қазақстан облысы полициясы тексеріс басталғанын хабарлады.

Желіде жарияланған видеода өздерін «Петропавл қаласының еңбекші тұрғындары» деп таныстырған топ «басқару жүйесіне сенімсіздік білдіреді». Топ өкілдерінің түсіндіруінше, бұған «Қазақстан Республикасы корпорациясының» «жалған құқықтық негізі» түрткі болған. Олар елде халыққа жағдай жасалмағанын да алға тартқан.

«Біз, халық, өзіміздің тәуелсіздік, егемендігімізді жариялаймыз» деді топ өкілдері. Өзге жайттардан бөлек, халық кеңесі «мызғымас егемен Қазақ ССР территориялық тұтастығы» туралы да айтады.

Топ Инстаграм-парақшасында «Информ Вест» басылымының атрибуты бар хабарламаның көшірмесін жариялаған. Онда 19 наурызда Петропавлда «еңбекшілердің жиыны» өтіп, онда «қалалық халықтық кеңес қайта құрылғаны» жазылған. Жиында «төраға» сайланып, «декларация», «жарғы», «таңба мен мөр» жобасы бекітілген. Шешім «хаттамамен» бекітілген. Жиынға 19 адам қатысқан деп айтылады, бірақ аты-жөндері көрсетілмеген.

«Халықтық кеңесі» туралы ақпарат елде парламент сайлауының нәтижесі сыналып жатқан шақта жарияланды. Елдің бірнеше қаласында мәжіліс және мәслихатқа өтпей қалған кандидаттар мен белсенділер сайлау нәтижесімен келіспейтінін мәлімдеп, даулайтынын айтқан. «Халықтық кеңес» туралы жазбалар жергілікті Телеграм арналарда қызу талқылана бастаған. Кейбір қолданушылар топтың әрекетін «сепаратизмге шақыру» деп бағалады.

31 наурызда мәжіліс депутаты Абзал Құспан желідегі парақшасында «Петропавлдағы жағдай бойынша бас прокурордың атына хат дайындап жатқанын» айтты.

Ал «халықтық кеңес» жергілікті пабликтердегі ақпараттар «контекстен алынып» бұрмаланғанын айтты. Топ өкілдері Қазақстанның тұтастығына қол сұқпағанын, өзге елдердегі тыйым салынған қауымдастықтарға қатысы жоғын айтты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті 30 наурызда кешке ҚазТАГ агенттігіне тексеріс басталғанын хабарлаған.

«Ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелген, жедел тергеу шаралары жүріп жатыр». ҰҚК және бас прокуратура ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »