Новости на Newstaraz.

Phystech II мұнай компаниясының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп жатыр

newstaraz.kz

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Солтүстік Қаражанбас кен орнында жұмыс істейтін Phystech 2 компаниясының жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп, үш күннен бері наразылыққа шығып тұр.

Отызға тарта мұнайшы жалақыларын жүз пайыз көбейтуді, жұмысшылар талабы ескерілген ұжымдық шарт қабылдауды талап етеді.

13 желтоқсанға қараған түні вахта ауысымынан шыққан мұнайшылар үйіне қайтпай, компания кеңсесінің алдына киіз үй тіккен. Олардың бірі Азаттыққа ондаған мұнайшының киіз үй маңында тұрғанын көрсететін видео жіберді.

-12 градус аязда компания басшылығы нысан аумағынан қуып шықты. Мәселе шешілгенін далада күтіп жүрміз,- дейді видео авторы. Тағы бір жұмысшы наразылықты полиция бақылап кеткенін хабарлады.

Бұған дейін, 10 желтоқсанда мұнайшылар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірнеше шенеуніктің атын атап, үндеу жариялаған.

— Жалақымызды 100 пайызға көтеруді талап еткенбіз. Қазіргі жалақымыз 112-180 мың теңге аралығында. Бітім комиссиясы құрылғанымен талабымыз орындалмады. Одан кейінгі төрелік комиссияда да шеше алмады. Жалақымызды небәрі 15 пайыз көтереміз деп, әлеуметтік шиеленіске итермелеп отыр,- дейді жұмысшының бірі. Оның сөзін артында тұрған ондаған жұмысшы қостаған.

Phystech 2 компаниясында вахта режимімен 110 мұнайшы жұмыс істейді. Компания заңгері Дариға Қибасованың сөзінше, қазір отызға тарта жұмысшы наразылық білдіріп тұр. «Әзірге жұмыс тоқтаған жоқ. Бірақ жаңа ауысымдағы 55 мұнайшы да наразылыққа қосылатынын айтты» деді.

Қибасованың сөзінше, наразылыққа шыққан мұнайшылардың «орташа жалақылары — 200-230 мың теңге».

— Мекеме қолынан келетін нәрсенің бәрін істеді. Жалақыларын 100 пайыз көбейте алмайды. Біз банкрот алдында тұрған компаниямыз,- дейді ол.

Phystech 2 компаниясы мұнай және ілеспе газ өндірумен айналысады. 2015 жылы 150-ге тарта жұмысшысы бар мекеме ретінде тіркелген. Биыл компания 2,3 миллиард теңге салық төлеген.

Жұмысшылар Азаттыққа жіберген видеода компания директоры Ернар Байжалиевтің мұнайшылармен кездескен сәті бар. Екі тарап дауласып жатқан тұста Байжалиев «нысан ерекше қауіпті саналатынын, жұмысшылар наразылығы заңсыз» екенін айтқан.

Мұнайшының бірі Азаттыққа мекеме әкімшілігіне наразылыққа шығатыны туралы алдын ала ескерту жіберілгенін, мәселені шешуге бес күн бергенін хабарлады. Ескерту келгенін видеода компания директоры да растаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »