Новости на Newstaraz.

Ресей басқыншылығын қолдаған депутат «Ақ жолдан» шығарылды

newstaraz.kz

Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдаған депутат Азамат Әбілдаев «Ақ жолдан» шығарылды. Ол депутаттық мандатынан да айырылады. Бұл жөнінде 19 қаңтарда партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні партияның ұлттық кеңес пленумы өтіп, Әбілдаевтың «журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілген».

«Ұлттық кеңес мүшелері Азамат Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды» деп жазылған партия хабарламасында.

Онда партия «республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды» деп жазылған.

Кеңес депутатты партиядан шығару туралы шешім шығарған. Сәйкесінше, партия оның депутаттық мандатын тоқтату туралы ОСК-ға хат жолдаған.

Партия құрамынан шығарылған Азамат Әбілдаев Азаттыққа шешіммен келісетінін айтты.

«Партияның шешімі дұрыс. Партия деген партия ғой. Ұлттық кеңес. Ол жерде 40 мүшесі бар. Ертең сайлау келе жатыр. Менің бір сөзім үшін партияны «подставить етпеймін» ғой. Мен олармен келісемін. Дұрыс жасады. Менен интервью алған қызға да ренішім жоқ. Маған қарсы дауыс беріп, партбилет алғандарға да, ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Бір нәрсені түсінуіміз керек: национал-патриоттар деп Украина сияқты болып кетпесек болды. Басқа ештеңе демеймін» деді Азамат Әбілдаев.

Бұған дейін Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбатында Ресейдің Украинаға ашқан соғысын «арнайы операция» деп атап, Ресейдің басқыншылығын қолдап, Украинаны «нацистер басқарып отыр» деген.

Қазақстан билігі Ресейдің Украинаға соғысына қатысты ресми позициясын білдірмеген. Бірақ Астана Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Былтыр наурызда Алматыда мыңдаған адам соғысқа қарсы өткен митингіге қатысқан. Алайда кейінгі кезде билік Украинадағы соғысқа қарсы бейбіт митингілерге рұқсат бермей келеді.

Ресей 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға басып кіргенде бұл әрекетін «арнайы операция» деп атап, «операцияның» мақсаты «денацификация» және «демилитиризация» деген. Қазір Ресей Украинаның шығысындағы бір бөлігін оккупациялап алды. Бұл оккупацияны мойындамайтын Батыс елдер мен АҚШ Ресейге санкция салып, Украинаға қару-жарақ жағынан көмек көрсетіп жатыр. Сарапшылар Ресейдің Киевті үш күнде басып аламыз деген мақсаты орындалмай, Украинадағы соғысы сәтсіздікке ұшырады деп санайды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »