Новости на Newstaraz.

Respublica мен «Байтақ» партиялары басым аймақтарда мәслихат сайлауына жіберілді

newstaraz.kz

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Respublica мен «Байтақ» партияларын басым аймақтардан мәслихат сайлауына жіберді.

Атырау облысынан басқа барлық өңірлерде Respublica партиясы өкілдері 19 наурызда өтетін мәслихат сайлауына жіберілді.

ОСК өткен аптада қаңтар айында тіркеуден өткен партиялар мәслихат сайлауына жіберілмейтінін, себебі, аймақтарда әлі филиалдары толық құрылып бітпегенін айтқан.

Жасылдар ұйымымыз деп есептейтін «Байтақ» партиясы 12 аймақ бойынша мәслихат сайлауына жіберілді. Тек Абай, Ақмола, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары бойынша өтініш бермеген.

Мәслихат сайлауы кезектен тыс өтетін мәжіліс сайлауымен қатар 19 наурызда өтеді. Сайлауға қатысу жөніндегі өтініш 20 қаңтарда басталып 18 ақпанға дейін созылады. 98 депутаттың 29-ы бір мандатты округ арқылы, қалған 69-ы партия тізімі арқылы парламентке сайланады. Мәслихат сайлауына 50 пайызы бір мандатты округтен, 50 пайызы партия тізімі арқылы өтеді.

ОСК мәжіліс сайлауына тізімге енген әрбір үміткер 1 млн 50 мың теңге, ал мәслихат сайлауы үшін әрбір үміткер 350 мың теңге жарна төлейді деп мәлімдеген.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »