Новости на Newstaraz.

Садыр Жапаров: Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияны алаңдатады

newstaraz.kz

Садыр Жапаров: Ауғанстандағы жағдай Орталық Азияны алаңдатады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай Мәскеуде 16 мамырда өткен саммитте Қырғызстан басшысы осылай деп мәлімдеді.

Садыр Жапаровтың пікірінше, «Ауғанстанның кейбір провинцияларында Орталық Азияға жоспары бар сыртқы демеушілердің көмегіне сүйенген радикал діни террористік құрылымдардың бақылаусыз әрекеттері ҰҚШҰ-ның оңтүстік шекараларының мазасын алып отыр».

Қырғыз басшысының айтуынша, «қауіпсіздікке төнген қауіп және әскери-саяси тұрақсыздық ҰҚШҰ жауапты аймақтардың барлық шебіне жақын келді». «ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ішкі ісіне сырттай араласуға талпынғаны байқалады. Мәселен, жыл басында біз ұйымға мүше елдердің бірінің қауіпсіздігіне төнген қатердің бетін қайтардық. Біз шешімді әрі шұғыл қимылдадық», — дейді Қырғызстан президенті.

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісімге 1992 жылы Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері қол қойды. Кейін оған Әзербайдан, Беларусь және Грузия қосылды.

1999 жылы келісім мерзімін созу жөніндегі хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ғана қол қойды. Қалған елдер келісімге қатысуды тоқтатып қойды. Өзбекстан 2012 жылы блоктан шығып кетті.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »