Шымкентте таныстарын төсек арқылы бопсалайтындар көбейіп кеткен
Бүгінде бір-бірімен желі арқылы танысып, кездейсоқ адаммен жақын қарым-қатынас орнатқан азаматтар алаяқтың арбауына жиі түсуде. Сондай оқиғалардың бірі ОҚО-да орын алды. Бұл туралы tvk-uko.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Қаңтар айында Сарыағаш ауданының 31 жастағы тұрғыны Оразәлі былтыр тамыз айында бір келіншекпен танысып, олардың қарым-қатынасы жақындай түседі. Оразәлімен қонақүйге барып, кездесіп жүрген әйел оның арам ойын кейіннен бір-ақ түсінеген.
Ер адам оған қонақүйдегі әрекеттерін видеоға түсіріп алғанын және 10 миллион теңге бермесе, желіге салатынын айтып қорқытқан. Бірақ әйел дер кезінде полицияға хабарласып, ол қамауға алынады. Сотталып кеткен бес баланың әкесі Оразәлі сот үкімін естіп, көз жасын тоқтата алмады.
Шымкентте 30 жастағы келіншек те егде жастағы ер адамды бопсалап, одан 100 мың доллар талап еткен. Әйел қолында бар компроматтық материалдарды пайдаланып, ер адамнан ақша талап еткен.
2016 жылдың қазан айында 57 жастағы жәбірленуші полицияға шағымданып, ол әйелдің ортақ танысы екенін айтады. 1987 жылы туған келіншекті полиция қызметкерлері ақша алып жатқан жерінен ұстаған.
Бүгінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
newstaraz.kz