Шымкент: Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі халыққа қызмет етуде
Полиция қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету және жұртшылықпен тиімді өзара іс-қимыл жасасу мақсатында Шымкент ҚПД Абай ауданы Полиция басқармасы ғимаратының алдындағы фронт-офис қарқынды қызмет атқарып келеді.
Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыруға бағытталған. Мұнда келген көпшілік өзіне қажетті заң тұрғысындағы кеңесті алып, өтініштер мен арыз, басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алуда.
Фронт-офисте келушілер ыңғайлылығы үшін күту орындары, арнайы ресепшн орнатылған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, арыздардың басым бөлігі — әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болып отыр. Сондықтан бұл кеңседе құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді.
Атап өтетін ақпарат, жыл басынан бері аталған фронт-офиске 902 азамат арыз-шағыммен жүгінген.
Ал, «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінің» жұмыс уақыты дүйсенбіден жұма аралығында (мерекелік күндерден басқа) күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі аралықты қамтиды.
Осы ретте, Сіз де ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне келіп, құқықтық кеңес алып, заңсыз әрекеттер бойынша арыздана аласыз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz