Шымкент: «Ерлік – ұрпақ ұраны» байқауы өз мәресіне жетті
«Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бағдарламасын іске асыру мақсатында Тәжік-Ауған қақтығысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу және жеке құрама атқыштар батальонның шығарылғанына 22 жыл толуына орай, «Жас сарбаз» сынып тәрбиеленушілері арасында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты әскери-спорттық байқауының қалалық кезеңінің қорытынды финалы өткізілді.
Қалалық білім басқармасына қарасты орта білім беру мекемелерінен 6-9 сыныптар арасынан жиырма бір «Жас Сарбаз» сыныбы ашылған, онда 550-ге жуық оқушы әскери-патриоттық тәрбие алуда.
Осыған орай, аталған іс-шараға аймақтық, аудандық, қалалық кезеңдерінен сүрінбей өткен жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар оқушыларымыз өз өнерлерін паш етіп, қалалық финалға білім басқармасына қарасты №7, 24, 64, 68, 89, 99, 103, 127 орта білім беру мекемелерінің жас сарбаз тәрбиеленушілер ақтық сайысқа жолдама алып бақ сынасты.
Байқауға қатысушылар АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау нормативтерін, пневматикалық винтовкадан дәлдікке ату, дене дайындығы, жалпы әскери қорғаныс құралын кійу, берпи мен арқан тарту ұлттық ойыны бойынша күш сынасты.
Сайыс қорытындысы бойынша, гран-при №68 мектебінің оқушыларын бұйырса, жүлделі үш орынды №99 мектеп-гимназиясы, №7 ІТ мектеп-лицейі мен №103 орта мектебінің оқушалыраны бөліп алды.
Жеңімпаздар ұйымдасырушылар қолынан «Тәжік-Ауған ШҚАБ ардагерлері ҚБ байқауының жеңімпазы» атты «Әскери адам» ауыспалы кубогі және статуеткалармен марапатталды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
newstaraz.kz