Новости на Newstaraz.

Шымкент: «Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары анықталды

newstaraz.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті құрылымдарының арасында дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауы өтті. Дүбірлі сайысқа Полиция департаментіне қарасты аудандық Полиция басқармаларынан барлығы 5 команда қатысты. Олар: Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау АПБ, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің бастамасымен қолға алынған байқаудың мақсаты – ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, полицейлерді Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, тілге деген құрметін арттыру, қызметте және үйде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ полиция мамандығының мәртебесін көтеру болып табылады.

Байқауға қатысушы командалар, ондағы полицейлер көрермен алдында жан-жақты, сегіз қырлы бір сырлы екендігін, отансүйгіш, тілді құрметтейтіндігін және өз өнерлерін, білім-біліктілігін көрсете алды. Тәртіп сақшыларының сахнаға шығып ұсынған нөмірлері әділқазыларды, көрермендерді тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Парасатты полицей» байқауында әділқазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Патрульдік полиция полкінің «Мегаполис» командасы жеңіп алды. Екінші орынды – Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінен құралған «Собрлы жігіттер» командасы қанжығасына байласа, ал үшінші орын Қаратау ауданы Полиция басқармасының «Қаратау қырандары» командасына бұйырды.

Бұған қоса, «Көрермендер көзайымы» номинациясына Қаратау ауданы Полиция басқармасының «Үздік орындаушы» номинациясын Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Ақпараттық байланыс бөлімшесінің аға инспекторы полиция капитаны Рысқұл Жәнерке Жамбылқызы иеленді. Ал «Үздік ұйымдастырушы» номинациясын Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ командирінің кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Нұрқожаұлы Батыр еншіледі. «Үздік команда капитаны» номинациясын Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы полиция капитаны Пернебай Батыйхан Әуелбекұлы иеленді.

Жүлделі орындар мен номинацияларға ие болған жалпы командаларға бағалы сыйлықтар мен диплом, алғыс хаттар табысталды.
Айта өтетін ақпарат, «Парасатты полицей-2022» байқауынан суырылып алға шыққан Патрульдік полиция полкінің «Мегаполис» командасы енді Ақмола облысы Полиция департаментінде өтетін Республикалық байқауда Шымкент қаласының Полиция департаменті атынан өнер көрсетеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »