Шымкенттік полицейлер жастарды «Би батл» фестивалін тамашалауға алып барды
Мемлекеттік басшысымен «2022 – Балалар жылы» болып белгіленуіне орай, Қазақстан полициясының 30 жылдығы және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында,
Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаламыздың шалғай аудандарында тұратын аз қамтылған отбасылардың балаларын жинап, қала орталығындағы Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қала күніне қарсы өткен «Би батл» фестивалін тамашалауға алып барды.
Басты мақсат – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу керектігін ұғындыру болды.
Аталған іс-шара қаламыздың көрікті, мәдени орындарының бірі «Қызғалдақ» субұрқағы аумағында өткізілді. Онда арнайы дайындалған би топтары хип-хоп пен брейк данс заманауи би түрлерінен сайысқа шықты.
Өз кезегінде сергіп қалған жастар осындай игі шара ұйымдастырған тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz