Шымкенттік тұрғын баласын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын баласының жоғалғаны туралы хабарлаған. Анасының айтуынша, қызы үйден шығып қайта үйіне оралмаған.
Аталған жайт бойынша, хабарламаны алған бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Үйдің маңындағы аулалар тексеріліп, тұрғындардан жоғалған бала туралы сұрастырған. Нәтижесінде, полицейлер жасөспірімді тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.
Өз кезегінде, жоғалған баланың анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, «Қызым далаға шығып үйге қайта оралмай біраз уақыт жоқ болған соң Қаратау ауданы Полиция басқармасына хабар бердік. Баламызды аман-есен тауып берген полицейлерге алғыс айтамын. Қазір қызымыз дін аман қасымызда. Көп рақмет»!, – деп ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласының полицейлері ата-аналардан балаларына мұқият қарауды және оларды назардан тыс қалдырмауларын сұранады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
newstaraz.kz