Астананың ең элиталық бөлігі жарықсыз қалды. Депутаттар, бай-бағландар тұратын қымбат үйлерді айтпағанда, Парламент, Үкімет үйі, тіпті Ақорданың өзі қараңғыда қалды. Басқасын айтпағанда, еліміздегі ең қауіпсіз стратегиялық нысан болып саналатын Ақорда қалайша жарықтан ажыратылып, шенеуніктердің күні дизельдік генераторға қарап қалды дегенге сену қиын. Бірақ дәл солай болды. Бұл «апатты жағдай» деп шұғыл мәлімдеме жасаған президент, кінәлі адамдарды тез арада анықтауды тапсырды. Ал, елорданың қарапайым тұрғындары «жарықсыз ақырзаман болды» деп, қара суықта электр қуатынсыз өткізген бір күндері қалай болғанын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Тоңып, сусыз, тамақсыз қалдық дегендер де бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Есілдің сол жағалауында жарық оныншы қараша күні түнгі екіде өшкен. Тұрғындар әкімшілікке төтенше жағдай туралы хабарламақ болғандарын айтады. Алайда «109» нөміріндегілер жауап бермепті. «109» вообще отключен. Просто- напросто. Нету такого. Не дозвониться. Еще дом называется
в «золотом квадрате» ». «Ну, хоть какой-то номер дай. А я откуда знаю?! Ну ты сам откуда? Ну есть же номер начальство!» Жарық сөнген бойда тұрғын үйлерге осындай арнайы көліктер жеткізілген. Жылумен қамтамасыз ететін техника болмаса, аязды түнде үсіп қалар едік, дейді тұрғындар. «Отопление вон стоит машина, вот она нам подключила. А света нету. Подъезде сделали свет. А в квартирах неут. Міні. Көрдің бе? Смотрите!» Сол жағалаудағы Ақорда, Парламент, Миниссрлер үйі мен Жоғарғы сотта жарықтың өшуіне Президент те араласты. Қасым-Жомарт Тоқаев кінәліларды табуды талап етті. ЦИТАТА: ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Оған вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті». БЕРІК УӘЛИ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ «Қаланың бүтіндей бір бөлігін жарықсыз қалдырған апат салдарымен мамандар 37 сағат әлі де арпалысып жатыр. Алдын ала болжам бойынша мына менің артымдағы сымдардың жануы себеп болған. Біз мамандарды сөзге тартып, сұрап көрдік, жұмыстың қашан бітетінін. Бірақ, ештеңе айтқан жоқ. Бар білетініміз, елордада мұншалықты ұзақ уақытқа жарық ешқашан сөнбеген».
newstaraz.kz