Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда алимент төлемегендер қан тапсырады

newstaraz.kz

Түркіменстанда алимент төлемегендер қан тапсырады

Түркіменстанның Лебап уәлаятының билігі алимент төлемегендерді ай сайын 600 грамм қан тапсыруға жібереді.

«Лебап уәлаятында қалалық және аудандық соттар алимент төлемеген азаматтарға ай сайын қан тапсыруды міндеттеп жатыр. Азаматтар қарызын осылай өтейді», деп хабарлады Азатлык тілшісі.

Аймақта алимент бойынша қарызы бар бірнеше мың азамат бар, олардың дені жұмыссыз отыр.

«Алимент төлетуге арызданған азаматтардың 90 пайызы ақша өндіре алмаған», дейді сот қызметкерінің бірі.

Оның айтуынша, уәлаяттағы ауруханаларда қан жетіспей жатыр.

«Сол себепті алимент өтей алмаған борышкерлерді қан тапсыруға міндеттеу жөнінде шешім қабылданды».

Былтыр тамыз айында Түркіменстанда алимент төлей алмағандарды мақта теруге жіберген.

Түркімен билігі елде қанша адам ажырасқаны, қанша адам алимент төлемегені туралы статистиканы жарияламайды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »