Новости на Newstaraz.

Түркіменстанда Гурбангулы Бердымухамедов атындағы қайырымдылық қоры құрылды

newstaraz.kz

Түркіменстанда қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсетуге бағытталған Гурбангулы Бердымухамедов атындағы қайырымдылық қоры құрылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы 29 наурызда қол қойған.

Өлкенің мемлекеттік басылымдары «өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік жақтан қолдау, денсаулығын қалпына келтіруге көмектесу және олардың бақытты өмір сүруі үшін жағдай жасау» мақсатында құрылған қорға президент Гурбангулы Бердымухамедов бір айлық жалақысын аударғанын жазды.

Ел билігі мемлекет басшысының балаларға қамқорлық көрсетіп келе жатқанын насихаттап келеді. Бас қала Ашғабадта Гурбангулы Бердымухамедовтің қолдауындағы балалар үйі бар. Жыл сайын аталған мекеменің тәрбиеленушілеріне салтанатты түрде президент атынан сыйлықтар тапсырылады.

Сөз еркіндігі шектелген бұл өлкеде азаматтар, оның ішінде балалар мен әйелдер ауыл шаруашылығы істеріне, көше сыпыруға және жаппай іс-шараларға қатысуға мәжбүрленіп келеді.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »