Новости на Newstaraz.

Түрмедегі Қайрат Сатыбалды сарайын Назарбаевқа қалай сыйға тартты?

newstaraz.kz

Азаттық радиосы Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны сот үкімімен түрмеге қамалған және тағы бір қылмыстық істе күдікті Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқанын анықтады.

Бұл әрекет қалай жүзеге асты? Заңға сай ма? Күдіктіні тергеп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің пікірі қандай? Үшқоңыр жайлауындағы 9,5 мың гектар жерді экс-президенттің інісі Болат Назарбаев кімге берді? Материалда осы сауалдарға жауап іздедік.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі туып-өскен өлкесіне арнаған әннің әсері болар, Үшқоңыр атауы жұртқа таңсық емес. Іле Алатауының бір бөктеріндегі көк майсалы үстірт, көркем жайлау. 2000-жылдардың басында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіретін Үшқоңыр жайлауының кадастр дерегі өзгеріп, бірнеше жаңа учаскеге бөлінген.

Кейін Шамалған ауылынан жайлауға дейін жол салынып, газ бен жарық тартылды. 2014 жылы жеке бөлінген 7 гектардай аумақта зәулім сарайдың құрылысы аяқталды.

2016 жылғы ресми тіркеу кезінде бұл жылжымайтын мүлік Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған. Содан бері Қазақстанның бұрынғы президентінің немере інісі мүліктің иесі болып қала берді. Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей ол қамауға алынған кезде де тергеу органдары шектеу, тыйым салған. Бұл Азаттық танысқан ресми деректе анық жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі туып-өскен өлкесіне арнаған әннің әсері болар, Үшқоңыр атауы жұртқа таңсық емес. Іле Алатауының бір бөктеріндегі көк майсалы үстірт, көркем жайлау. 2000-жылдардың басында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіретін Үшқоңыр жайлауының кадастр дерегі өзгеріп, бірнеше жаңа учаскеге бөлінген.

Кейін Шамалған ауылынан жайлауға дейін жол салынып, газ бен жарық тартылды. 2014 жылы жеке бөлінген 7 гектардай аумақта зәулім сарайдың құрылысы аяқталды.

2016 жылғы ресми тіркеу кезінде бұл жылжымайтын мүлік Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған. Содан бері Қазақстанның бұрынғы президентінің немере інісі мүліктің иесі болып қала берді. Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей ол қамауға алынған кезде де тергеу органдары шектеу, тыйым салған. Бұл Азаттық танысқан ресми деректе анық жазылған.

Қайрат Сатыбалды былтыр қыркүйекте серіктерімен бірге 40 миллиард теңгені талан-таражға салды деген айыппен Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бостандығынан айырылды.

Астана қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімінде Сатыбалдының мүлкін тәркілеу де жазылған. Бірақ қандай мүлік екені анық көрсетілмеген. Қызық та осыдан басталды. Біз судья Нұрлан Баяхметовке Жоғарғы сот қаулысына сәйкес тәркіленетін мүлік үкімде анық көрсетілуі керегін айтып, хат жаздық. Судьядан келген жауапта қандай мүлікті тәркілеуге үкім шығарғаны жөнінде нақты ақпарат болмады.

Сот үкімінде Сатыбалдыұлының бойдақ екені, бірақ кәмелет жасына толмаған 7 баласы бары жазылған. Қылмыстық-атқару кодексі бойынша, «сотталған адамның мүлкі оның отбасы тұратын жалғыз үй болса, тәркіленбейді» деген қосымша бар. Бірақ Сатыбалды отбасының басқа үйі болмағандықтан тәркілеу тізіміне кірмеді деген нұсқаға негіз жоқ. Себебі Азаттық бұған дейінгі зерттеулерде Астанада Қайраттың Исмаил деген ұлының атындағы зәулім үйді, Алматы қаласында үш баласының анасы Әсел Бақтиярқызының иелігіндегі 12,5 гектар жерде орналасқан салтанатты сарай, коттедждерді көрсеткен.

Былтыр қарашада жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қайрат Сатыбалдының үстінен екінші қылмыстық іс қозғап, тергеп жатырмыз деді. Агенттік Сатыбалды мен онымен байланысы бар адамдардан 1 миллиард доллардан астам қаражат қайтарылғанын айтты, бірақ әзірге тергеу аяқталғаны туралы ресми хабарланбады. Демек, қылмыстық жазаға тартылған және екінші істе күдікті боп отырған адамның атындағы мүліктің басқа тұлғаның иелігіне ауысқанына куә болып отырмыз.

Тергеу органы санкция салған резиденцияның қалай «Елбасы» қорына өтіп кеткенін ресми орындар түсіндіргісі келмеді. Істі қозғап, тергеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «бар ақпаратты ресми түрде жариялаймыз, басқасы тергеу құпиясы» деп жауап қатты. Алматы облысының прокуратурасы ғана «мүліктің меншік құқығының ауысуын тексеретінін» айтты. Азаттық мүлікті меншіктеу ісіне байланысты «Елбасы қорына», Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне хат жолдаған. Кеңсенің баспасөз қызметі «Елбасы қоры» туралы ақпараты жоғын хабарлады.

Бір жыл бұрын Азаттық Үшқоңырда 9 мың гектардан астам жер Болат Назарбаевтың компанияларына тиесілі екенін анықтаған. Ол компаниялар бұрын Қайрат Сатыбалдыға қараған.

Алматы облысының прокуратурасы Азаттыққа бұрынғы президенттің туыстарынан (прокуратура есімдерін атамады) жиыны 4569 гектар болатын 12 жер учаскесі мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.

Дегенмен қазір Үшқоңыр сарайы Нұрсұлтан Назарбаевтың, ал айналасындағы мыңдаған гектар жер оның туыстарының меншігінде. Биыл сәуірде сарайдың меншік құқығы ауысқан уақытта мұндағы жер учаскелерін иелік етіп отырған компаниялардың түпкі құрылтайшысы да ауысқан.

9412 гектар жерді меншіктеп, тағы 1300-дей гектар жерді жалға алып отырған 4 компания – «Steppe AgroMeat» («Дүние Агро» – бұрынғы атауы), «Qaz Agro Centre» («Айсам Ко. ЛТД»), «Breeding company» («Луна Трейд»), «Prime Capital reKarasay-дың» түпкі иесі бұрын Болат Назарбаев еді. Қазір бұл жылжымайтын мүліктерге «Prime Capital Holding» серіктестігі арқылы Болаттың ұлы Нұрбол Назарбаев иелік етіп отыр.

Түпкі бенефициары ауысқанымен, сарайдан тыс жатқан 10 мың гектар жерге антикор, соттың арест, шектеуі тұр. Мемлекетке қайтарыла ма, жоқ па, белгісіз.

Ақпан айында «Аманат» партиясы Маңғыстау және Жамбыл облыстарында Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына қараған 300 мың гектардай жер мемлекетке қайтарылғанын хабарлаған. Ол жерлердің кадастр нөмірі ресми жарияланбады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »