Новости на Newstaraz.

«Тәуелсіз бақылаушыларды сайлау учаскесіне жібермеудің амалы». Пикетке шыққан белсендіге айыппұл салынды

newstaraz.kz

25 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Тимур Раисов азаматтық белсенді Данияр Супиевті бейбіт жиын ережесін бұзды (488-бап) деп танып, 50 АЕК (153 мың 150 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Сот Бостандық аудандық полиция басқармасының ғимаратында онлайн режимде өтті.

— Прокурор 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды сұрады, судья мақұлдады. Шешіммен келіспеймін, себебі әкімдікке пикетке шығатыным туралы хабар бергенмін. Әлі күнге дейін әкімдік хабарыма жауап бермеді, — дейді ол.

Адвокат аппелляция сотына шағымданатынын айтты.

Жексенбі күні, 24 шілдеде Данияр Супиев жалғыз адам пикетін өткізген. Қолына «Бақылаушы жүйені өзгертеді» («Наблюдатель меняет систему») деген жазуы бар плакат ұстап тұрған. Әкімдік өкілі келіп, шараның заңсыз екенін ескерткен. Супиев шілденің 21-іне пикет өткізетіні жайлы хабар тапсырғанын жеткізген. Әкімдік қызметкері «хабарды бес күн бұрын беру қажет» деп пикетті тоқтатуды талап еткен. Кейін Супиевті полиция әкетіп, дүйсенбіге полиция басқармасына шақырту беріп қайтарған.

Жалғыз адам пикетіне түрткі болған сайлау заңына түзетулер 8 шілдеде қоғам талқылауына шығарылған. Жаңа өзгерістер бойынша, сайлауды орталық сайлау комиссиясының аккредитациясынан өткен ұйымдар ғана бақылай алады.

Аталған түзетуге қарсы кампания бастаған белсенділер мен құқық қорғаушылар осылайша «сайлау учаскесіне кімді жіберу-жібермеу қажеттігін орталық сайлау комиссиясының өзі шешетін болады» деп тәуелсіз бақылаушылардың шеттетілуі мүмкін екенін алға тартқан.

Бұған қоса, жаңа түзетулерге сәйкес, ОСК-ның аккредитациясын кейінгі бір жылда шетелден қаржы алмаған үкіметтік емес ұйымдар ғана ала алады. Заң жобасының талқысы 28 шілдеде аяқталады.

— Бұл бастаманың артынан тәуелсіз бақылаушыларды сайлауға жібермеу керек деген бір ғана мақсатты көріп тұрмын, — деді Супиев Азаттыққа соттан шыққан соң.

Супиев бұған дейін 2019 жылғы президент сайлауында тәуелсіз бақылаушы, 2021 жылы бақылаушылар үйлестірушісі болған.

Қазақстандағы сайлау кезінде тәуелсіз бақылаушылар құқығы жиі бұзылатыны байқалған. Тәуелсіз бақылаушылар сайлау не референдум учаскелеріндегі комиссия мүшелері мен билікшіл бақылаушылар қысымға алады, дауыс санау процесінен аластатады, мөр қойылған хаттама бермейді деп санайды.

Сайлауды бақылап жүрген «Еркіндік қанаты» ұйымының мәліметінше, Қазқстанның жаңа тарихында сотқа жүгінген тәуелсіз бақылаушының жеңген кезі сирек кездеседі.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »